Сирияда химиялық қаруды пайдалану мәселелері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында талқыланды

Нью-Йорк, 2018 жылғы 23 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияда химиялық қаруды пайдалану мәселелеріне арналған кезектен тыс отырыс өткізді.

Кеңес үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында Сирияның Гутада болған оқиғаны айыптады. Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде шамамен 20-дан астам адам қаза тапты.

Отырыс қатысушылары Сириядағы химиялық қаруды пайдаланудың жалғасуына,сондай-ақ осындай қылмыстарды жасаған қылмыскерлердің жазасыз қалатындығына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Осы тұрғыда жаңа тергеу механизмін құрудың маңыздылығы мен өзектілігі қайта атап өтілді. Осыған орай, Ресей Федерациясының делегациясы қатысушыларға БҰҰ-ның жаңа тәуелсіз тергеу құралын құру бойынша қарар жобасын ұсынды.

Қазақстандық делегация болашақта химиялық қылмыстарға қарсы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін тергеудің жаңа құралын әзірлеуді құптайды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың айтуынша, аталған механизм нақты мандаты мен жұмыс әдісі бар кәсіби, өкілдік, бейтарап болуы қажет.

Химиялық қаруды пайдалануға қарсы тиімді халықаралық қоғамдастықтың әлеуетін ерте дамытуға шақырған Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров «Кеңес тарапынан жасалған кез-келген кешіктіру және әрекетсіздіктен осындай бұзушылықтарға нақты жауап қайтару жоспарларының болмауына байланысты химиялық қаруды пайдалану санының артуы мүмкін», деп мәлімдеді.

Кеңес мүшелері Кеңестің бірлігін сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ аталған маңызды мәселе бойынша конструктивті және жедел өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Қосылған : 24.01.2018, 16:55, Өзгертілген : 24.01.2018, 16:55