Грекияда Елбасы Н.Назарбаевтың жасаған Үндеуі мен Жолдауына қатысты талқылау өтті

2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі Ахарнэ қаласында Елші Алексей Волковтың мемлекетімізде орын алатын саяси жүйенің модернизациялануы мен билік тармақтары өкілеттіліктерін бөлу тақырыптарында ашық дәрісін өткізді.

Лекцияның ашылуында, Қазақстан Елшісі қатысушыларды мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған күннен 25 жыл ішінде қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен таныстырды. А.Волков экономиканың тұрақты өсуі менМемлекет басшысы Н.Назарбаевтың байсалды ішкі-сыртқы саясатының арқасында еліміз бірқатар ұзақмерзімді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырғанын айрықша атап өтті.

Елші Қазақстан бүгінгі таңда тек өз аймағындағы ғана емес, жалпы посткеңестік елдер ішінде көшбасшы, сонымен қатар сауда, саясат, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында Грекия мен Еуропалық Одақтың сенімді әріптесі екенін қоса жеткізді. Бұл орайда, тыңдаушылар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберіндегі жұмысына қызығушылық танытты. А.Волков Елбасының әлем назарына мемлекетеміздің ұйым алдына жариялаған басты жеті бағыттарына тоқталып, көзделгені қақтығыстарды тоқтату мен бейбітшілікті орнату үшін шынайы диалог құру қажеттілігі туралы баяндап берді.

Жоспарланған саяси реформаларға келгенде, Елші Қазақстан Президенті Н.Назарбаев әрдайым демократиялық мемлекетті тұрақты нарық экономика негізінде құру ұстанымында екеніне тоқталды. Елшінің пайымдауынша, бүгінгі сын-тегеуріндер алдында Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық Экономикалық Одағының мүшесі, сонымен қатар ЭЫДҰ-ға ену жолында аталған ұйымдардың қатысушысы санатында енді терең саяси өзгертулердің уақыты келгендігін алға тартты. Осы орайда, Елбасының мемлекетті басқару жүйесінде ауқымды реформалар жүргізу шешіміне жоғары баяндалғандар негіз болғанымен бөлісті.

Қазақстан дипломаты реформалар өткізудің мәні жалпы билік тармақтары өкілеттіліктерін тыңғылықты бөлу мен саяси жүйені демократизациялау екенін мәлімдеді.

Бұған қоса, іс-шара қонақтарының назары ү.ж. 31 қаңтарда Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауына аударылды. Елші А.Волков Қазақстан алдынғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді дамыту мүдделілігіне тоқталып, бұл орайда грек бизнес өкілдерін «ЭКСПО-2017» ғимараттары базасында құрылатын халықаралық IT-стартап технопаркінің жұмысына ат салысуға шақырды.

Іс-шара Қазақстан мен Грекия арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25-жылдығы шеңберінде ұйымдастырылды. Қонақтар қатарында Грекияның қоғам және саяси, дипломатиялық корпус, іскер және мәдениет өкілдері, Ахарнэ қаласы Мэриясының басшылығы мен бұрынғы отандастарымыз болды. Аталған шара Қазақстан тумалары көптеп ғұмыр кешетін қалада өткені символикалық мәнге ие.

Қосылған : 3.02.2017, 13:30, Өзгертілген : 3.02.2017, 15:30