Афинада қазақстандық кино туындысының көрсетілімі өтті

2018 жылғы 12 қазанда Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің ұйымдастырылуымен дәстүрлі кино көрсетілім ұйымдастырылды. Биыл көрермендерге белгілі американдық жазушы Эрнест Хэмингуэйдың «Шал мен теңіз» хикаяты сарынында түсірілген отандық туынды «Шал» кинолентасы ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Елшілігінің мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен грекиялық қоғамды заманауи кино көркемөнерімен таныстыру бастамасы аясында өтті.

Қонақтар қатарында Грекияның белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, іскерлік және мәдениет өкілдері, Каллитея мэриясының басшылығы, сонымен қатар бұрынғы қазақстандық-отандастар мен Афинада ғұмыр кешетін қазақ диаспорасының мүшелері болды.

Фильм басында алғы сөз бастаған Қазақстанның Уақытша Сенімді Өкілі Тимур Сұлтанғожин көрермендерге елімізде болып жатқан өзгерістер туралы баяндап берді. Атап айтқанда, дипломат «Қазақстан егемендікке қол жеткізген мезеттен бастап қазіргі таңда мықты нарықтық экономикасы бар тұрақты да қарқынды даму үстіндегі мемлекетке айналғанына» айрықша тоқталды. Осы орайда, Т.Сұлтанғожин аудитория назарын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылда еліміз экономикасы дамыған әлемнің 30-ы қатарына енуді көздейтін жаңа амбициоздық реформалар белгіленген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына аударды.

Көрсетілім қорытындысы бойынша көрермендер Е.Тұрсыновтың режиссерлік шеберлігіне жоғары баға бере отыра, қазақстандық кино жүректеріне жылы лебіз сыйлағанымен бөлісті.
Қосылған : 15.10.2018, 23:25, Өзгертілген : 15.10.2018, 23:25