Афина қаласында Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуетіне қатысты презентация өтті

2019 жылғы 24 шілдеде II Афиналық халықаралық инвестициялық форумы алаңында ҚР Грекиядағы Елшілігі Грекиялық-швейцариялық сауда-өнеркәсіптік палатасы және астаналық Марусси мэриясымен бірге Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуетіне қатысты презентациясын өткізді. Іс-шараға грекиялық мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус, жергілікті бизнес қауымдастығы, қаржы және банк салалары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде, Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков қатысушыларға Қазақстанның қазіргі таңдағы саяси-экономикалық дамуы және еліміздің шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығы туралы баяндап берді.

Қазақстандық дипломат «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы», Астана халықаралық қаржы орталығы, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы», «Астана Хаб» IT-стартаптар технопаркінің жұмыстарының басты бағыттары, және де елімізде басталған мемлекеттік компанияларды жекешелендірудің екініші толқыны тақырыптарына ерекше тоқталды.

Елші екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтіп, екі мемлекеттің бизнес өкілдерін өзара әрекеттестіктерін жандандыруға шақырды. Сонымен қатар, форум қатысушылары Қазақстанның туристік және транзиттік әлеуеті туралы видеофильмді тамашалай алды.

Сонымен бірге, іс-шара барысында Аспропиргос муниципалитетінің мэрі Н.Мелетиу, «HELEXPO» Халықаралық көрмесінің Бас директоры К.Позрикидис, «EUROBANK»-тің грекиялық филиалының Бас директоры М.Властаракис, және де, Польша, Индонезия, Бельгия, Пәкістан, Молдова, Словакия, Нигерия, Замбия мен Хорватия дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары өз баяндамаларын жасады.

Қосылған : 24.07.2019, 18:05, Өзгертілген : 24.07.2019, 18:05