Афинада Қазақстан елордасының жаңа «Нұр-Сұлтан» атауының таныстырылымы ұйымдастырылды

2019 жылғы 5 сәуірде саяси білім берудегі Еуропаның ең ескі білім ордаларының бірі «Пантеон» университетінде Қазақстан тарихына, қазақстандық-грекиялық қарым-қатынастарының бүгінгі күйі мен келешегі, орын алған соңғы саяси оқиғаларға қатысты конференция мен еліміздің бас қаласының жаңа «Нұр-Сұлтан» атауының презентациясы өтті.

Қазақстанның Афинадағы Елшілігі және университет басшылығымен ұйымдастырылған форумға болу елінің қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық, сонымен қатар дипломатиялық топтары қатарынан 100-астам өкілдер қатысты. Құрметті спикерлер қатарында Грекияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Христос Контовуниссос, Понтиялық зерттеулер орталығының мүшесі Василий Ченкелидис, «Диалогос» Ассоциациясының Президенті Теодорос Игнатиадис пен «Пантеон» Университетінің Ректоры – профессор Исмини Криари ханым болды.

Дискуссиялық панельді ашқан Қазақстан Елшісі Алексей Волков іс-шара қатысушыларына ҚР-ның екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайту мен экономика, сауда және инвестициялар секілді салаларында дипломатиялық қызметі жайлы баяндап берді. Сарапшылық қоғам тарапы Қазақстанның «Бір жол-бір белбеу» бастамасында алатын роліне ерекше назар аударатынын ескере отыра, қазақстандық дипломат өз мемлекетінің Еуропа мен Азия нарықтарындағы геоэкономикалық артықшылықтарына айрықша тоқталды.

Осы орайда, мемлекетімізде «Нұрлы Жол», «Хоргос» шекара маңындағы Халықаралық орталық, Ақтау қ. портын модернизациялау, «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәліздерін құру секілді түрлі инфрақұрылымдық және көліктік жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Қазақстанның сыртқы саясатын «экономизациялау» мәнмәтінінде отандық Елші «Kazakh Invest», «Kazakh Export», «Kazakh Tourism» секілді институттарының эффективті қызметін атап өтумен қатар, еліміздің Әлемдік банкіне тиесілі «Doing Business 2018» рейтингісінде бизнес жүргізу қолайлығы бойынша 28 орында, ал «миноритарлық инвесторларды қорғауда» 1-ші орынға иемденгендігі жайлы хабардар етті.

Елшінің Қазақстандағы саяси өзгерістер туралы ақпараты конференция тыңдаушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Алексей Волков іс-шара қатысушыларына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ү.ж. 19 наурызда өз өкілеттіліктерін тоқтатқандығы туралы құлағдар етті. Осы орайда, Елші «Қазақстан халқы мемлекетіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында саяси күйзеліссіз, еш соғыссыз және жанжалсыз, үлкен экономикалық жетістіктерге жетелегені үшін зор алғыс білдіретіндігін» айтты. Сонымен бірге, Елші «Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев саяси сахнадан мүлдем кетпей, өз тәжірибесі мен беделінің арқасында мемлекетімізді келесі кезеңге өткізу мақсатымен Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы, сонымен қатар билік басындағы «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып қала беретінін» жеткізді.

Сонымен қатар, отандық дипломат жаңа ҚР Президенті Қ-Ж.К.Тоқаев жайлы баяндап, оның танымал дипломат, ғалым және мемлекеттік қайраткер екендігі, және де Парламент Сенаты Төрағасы, Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары секілді лауазымдарын атқарғаны жайлы баяндап берді.

Сөз аяғында Елші А.Волков Қазақстан елордасының аты Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың елеулі сіңірген еңбегіне орай «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілгенін жариялады. Дипломат «осы шешім арқылы біздің ұлы замандасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атың мәңгі есте қалдырудың жақсы қадамы»-, екендігін айтты. Сонымен қатар, «Елбасының қаланың негізін қалау мен дамуына жасаған еңбегі, ал жас шаһар баяндалғанның негізінде ширек ғасыр ішінде әлеуметтік-экономикалық және мәдени мағынада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Қазақстанның бетке ұстар мақтанышына айналғандығы»- сөзге тиек етілді.

Нұр-Сұлтан қаласының келбетіне келгенде Алексей Волков «қалада алып мешіттер жанында православиелік храмдар мен басқа да дәстүрлі діндер ғибадатханалары орналасулары арқылы қазақстандық қоғамда бейбіт пен келісім ұялағанын аңғаруға болатынын» айтты. Осы орайда, Елші «Қазақстанда 10 мыңнан асатын үлкен грекиялық диаспора ғұмыр кешетіні» туралы баяндады. Елші «олар мемлекеттеріміздің арасында «достық көпіріне» айналып, саяси, сауда және мәдениет салаларында қазақстандық—грекиялық байланыстарды нығайтуға қосып келе жатқан үлестері» жайлы құлағдар етті.

Өз кезегінде, «Диалогос» Ассоциациясының Президенті Теодорос Игнатиадис өз баяндамасында «аса ауыр кезеңдерде қазақ халқы 3 миллиондай адамды қабылдап, елеулі қонақжайлылық көрсеткендігіне» тоқталды. Ол «Президент Назарбаевтың дана басшылығы арқасында құрамына 100-ден астам ұлттар мен аз ұлттар кірген Қазақстан Халқы ассамблеясы секілді бірегей орган құрылғанын» айтты. Т.Игнатиадис «мемлекетте белсенді және бейбітт дінаралық үнқатысу орын алғаны және аумағында 20 пайыз православиелік халық ғұмыр кешетініне» тоқталды. Баяндалғанға қоса, ол «Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, танымал дипломат және белді саясаткер санатында елінің лайықты көшбасшысы»-, деп атады.

Қазақстан бас қаласының жаңа атауына келгенде, Т.Игнатиадис «Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті 30 жыл басқарып, өзінен кейін дамыған және жемісті экономика қалдырғандығына» тоқталды. «Орталық Азияның гауһартасына айналып үлгерген жаңа астананың салу бастамасы оның тарихқа қосқан орасан зор еңбегі мен құрышысының атын алып жүруге әбден лайық»-, деп айрыша атап өтті. Өз баяндамаларында Елші Христос Контовуниссиос, тарихшы Василий Ченкелидис пен «Пантеон» Университетінің Ректоры – профессор Исмини Криари де Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы еңбектерін көптеп атап өтті.

Тарихшы В.Ченкелидис бай қазақстандық-грекиялық тарих пен қарым-қатынастарға тоқтала отыра, «мемлекетіміз 30-жылдары өзінде күштеп көшірілген миллиондаған қоныс аударушыларды қабылдағанын» айтты. Ол «қиын қыстауға қарамастан, грекиялықтар Қазақстандағы өмірлері мен қазақ халқымен орнаған достықты жылы лебізбен еске алатындарына» ерекше тоқталды. Бұл орайда, тарихшы «көптеген қоныс аударушылар, понтиялық гректерді қоса алғанда, Қазақстанның қалалық орталықтарында сапалы білім алуға қол жеткізгендеріне» тоқталды. В.Ченеклидис «кейін Қазақстанның понтиялық гректері тек мемлекетіміздің ішінде ғана емес, және де халықаралық аренада спортсмендер мен ғалымдар ретінде танылуға мүмкіндік алды»-, деді.

Іс-шара қорытындысы бойынша конференция қатысушыларына Университет ұйымдастырған Қабылдау аясында кулуарлық дискуссиялар өтті.
Қосылған : 8.04.2019, 12:10, Өзгертілген : 8.04.2019, 12:10