Афинада Қазақстан мен Грекия арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастығы келешегі талқыланды

2017 жылғы 3 сәуірде Афинада Қазақстан Елшісі Алексей Волковтың Грек Республикасының Мәдениет және спорт министрі Лидия Кониорду ханыммен кездесуі өтті.

Қазақстан Елшісі грек саясаткерін қазақстандық-грек қатынастарының тарихы мен мемлекетіміздің жетістіктері жөнінде, сонымен қатар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай жоспарланған саяси және мәдени іс-шаралар жоспарларымен құлағдар етті.


Алексей Волков Министр Лидия Кониордуға Қазақстанда грек диаспорасы мен Грекияда көптеп тұратын бұрынғы отандастарымыздың бар екенін назарға ала отырып, мемлекеттеріміз арасында мәдени ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

Бұл орайда, тараптар 2017-2018 жж. арналған іс-шаралар жоспарына қатысты пікірлермен ой бөлісті. Жоспар қатарына отанымыздың белді пианисті, халық әртісі, Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жания Әубәкірованың Афинадағы жеке концертін, Грекияда қазақ кино туындыларын көрсету мен көркем өнер көрмелерін өткізу енгізілген.

Өз тарапынан, Министр Лидия Кониорду Қазақстанмен мәдениетаралық диалог орнату маңыздылыққа ие екендігін атап, мақсат тұтқан іс-шараларымызға барынша қолғабыс көрсетуге әзірлігін жеткізді.


Баяндалғанмен қатар, кездесу барысында екі жақтың қатысуымен 2002 жылы қол қойылған Білім және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастық орнату Келісіміне сәйкес, Ортақ комиссия жұмысын бастау шешімі қабылданды.

Кездесу соңында Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Волков Министр Лидия Кониорду ханымға қазақстандық белгілі суретшілері туындыларының көшірмелері мен отанымыздың мәдениетіне қатысты көркем материалдарын табыс етті.

Жүмыс кездесуіне Қазақстан тарапынан Елшіліктің кеңесшісі Тимур Сұлтанғожин мен ΙΙΙ-хатшы Абзал Иманқұлов, ал грек жағынан – Министрдің дипломатиялық кеңесшісі Анна Далманга қатысты.

Қосылған : 4.04.2017, 11:45, Өзгертілген : 4.04.2017, 11:45