Афинада грекиялық кітаптардың бірегей каталогының презентациясы өтті

2019 жылғы 5 сәуірде Афинада Қазақстан – Грекия Конференциясы аясында отандық Елшілік пен «MM Publication» компаниясының ортақ туындысы «Қазақстанның Ұлттық кітапханасындағы грек тіліндегі кітаптар каталогының» таныстырылымы ұйымдастырылды.

Бұл тақырыптық каталог Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен кітапханаларының бірінде сақталған грек тіліндегі кітаптардың жүйелендірілген бірегей жинағы болып табылады. Басылым «Шығыстағы» понтиялық эллинизм мәселесін зерттейтін сарапшылар тапынан, және де грекиялықтардың Қазақстан аумағындағы бай тарихына қызығатын тұлғаларға ерекше қызығушылық танытатыны сөзсіз.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков кітапты таныстыру барысында Елшілікпен басып шығарылған каталог екі мемлекет ғалымдарының, сонымен қатар грекиялық әдебиет, көне және заманауи тарихпен шұғылданатындар тарапынан зор қызығушылыққа ие болғанын хабарлады. Отандық дипломат басылым ішіндегі көптеген еңбектер тұңғыш каталогқа енгізілуіне орай, ерекше ғылыми құндылыққа ие екендігін айрықша атап өтті. Бұл орайда, ол «Пантеон» Университетінің оқытушысы Е.Андрейченконы каталогқа енгізудегі атқарған алып еңбегіне алғыс білдірді.

Аталған кітаптың тұсау кесерінен кейін Пантеон Университетінің Ректоры Исмини Криари «Қазақстанда грекиялықтардың бар болу тарихы көптеген жүз жылдықтарға созылған, осы орайда бұл атқарылған жұмыс осы тарихи байлықты тек айқындаған іспеттес»-, деп атап өтті. Сонымен қатар, ол каталогқа енгізілген кітаптардың көп бөлігі Қазақстан аумағына XIX ғасырдың басында келгенін айтты. И.Криаридің пайымдауынша, тізімдегі көптеген кітаптар сирек кездесетіндер қатарынан екенін, өз кезегінде олар патшалық дәуірде айдалған грекиялық ақсүйектермен алып келінгенін, ал қалған бөлігі революциядан кейін – кеңестік кезеңде – пайда болып, грек тілінің жеңілдетілген тілдерінде басылғанына ерекше назар аударды.

Грекияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Христос Контовуниссиос 2005 жылдан бері қазақстандық кітапханаларда грек тіліндегі кітаптардың бар-жоғы қызықтырып келгенін жасырмады. Осы орайда, ол Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волковқа аталған жобаны сәтті жүзеге асырғаны үшін шын ризашылығын білдірді.

Іс-шара барысында қонақтарға қазақстандық суретші Евгений Кимнің «Қазақтардың тұрмыс-салты» атты сурет көшірмелерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстанның өткен көшпенді дәурені, сонымен қатар қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен шабыттанған Е.Кимнің туындылары конференция қонақтарының ерекше назарларына ие болды. Отандық суретшілеріміздің шеберлігі мен аса жоғары деңгейлеріне тамсанған меймандар мерекелік іс-шара барысында жылы ілтипат-ықыластарын көптеп білдірді.

Презентация қорытындысы Елшіліктің дипломаты Абзал Иманқұловтың қазақстандық өнер қайраткері А.Райымбергеновтың «Секіртпе» күйін орындауымен аяқталды.

Қосылған : 9.04.2019, 20:05, Өзгертілген : 9.04.2019, 20:05