Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы

Қазақстанда сапармен болу үшін виза рәсімдеу


Грекия Республикасы азаматтары «қызметтік» » (В1 и В2), «іскерлік» (D1) және «жеке» (G1) санатындағы бір мәртелік визалар, сондай-ақ «туристік» (F1) санатындағы бәр мәртелік және екі мәтелік визалар рәсімдеуде визалық қолдау немесе шақыру хатын ұсынудан босатылған мемлекеттер тізіміне енген. Грекия азаматтары – дипломатиялық паспорттардың иелері кірген уақыттан 90-күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады.

Сөйтіп, Грекия азаматтары үшін жеңілдетілген қазақстандық виза алу тәртібі қарастырылған.

Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы

Қазақстан Республикасында туризмді әрі қарай дамыту үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар. Осыған байланысты республика Үкіметі өзінің ұзақ мерзімді дамуы жөніндегі бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде жариялады.

1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы Туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы «1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдение мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында аталған саланың айрықша маңызы атап өтілген.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық үдемелі дамуы Бағдарламасында Қазақстанда туризмді дамытуға бөлек тармақ арналған. Бағдарламаның мақсаттарына сәйкес, мемлекет өзінің іскер серіктестерімен бірлесіп мемлекеттің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды жетілдіру және құрылысын жүргізуді жүзеге асырады. Ең алдымен, Маңыстау облысында «Кендірлі», Ақмола облысында «Бурабай» және Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауындағы «Жаңа Іле» сияқты халықаралық туристік орталықтарын, курорттары мен демалыс аймақтарын құру жөніндегі үш ірі жобаны атап кетуге болады. Келешек өңірлік жобаларға Ақкөлдегі «Шаржұм» демалыс аймағын, «Қатон-Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы» этнографиялық кешенін, сондай-ақ Алматы облысындағы «Талхизды» жатқызуға болады.

Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәліз бойындағы туристік кластерлер де маңызды жобалар болып табылады. Тұтастай алғанда халықаралық стандарттарға сай келетін 48 нысан құру көзделген. Жаңа туристік бағыттар пысықталуда, соның ішінде қала туризмі, белсенді және санаторлық демалыс, тарихи-мәдени туризм, сондай-ақ экотуризм.

Қазақстанда 9000-ден астам археологиялық және тарихи ескерткіштер, 118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан. Ең танымалылары Алматы облысындағы «Алтын Емел» және «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», сондай-ақ Ақмола облысындағы «Көкшетау» және «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тас» жартас суреттері, Шарын шатқалы, «Әнші құмдар» және сақтардың «Бесшатыр» қорымы көрнекті болып табылады. Экотуризмді тарату үшін «Іле-Балқаш кемелер жарысы» және «Ертіс меридианы» сияқты іс-шаралары ұдайы ұйымдастырылып отырылады.

Республика тау шаңғысымен айналысуға барлық жағдайларды ұсынады. Бұл салады ол әлемдегі барлық биік таулы мемлекеттермен бәсекелесе алады. Бұл үшін Алматының жоғарында орналасқан «Шымбұлақ» және «Медеу» жоғары тау кешені, сондай-ақ Ақмола облысындағы Щуческ-Бурабай демалыс аймағы бар. Қазақстанның тұрақты дамуы және оның беделінің жоғарылауы әлемде танылуына ықпал жасап отыр және туризм бұған өзінің үлесін қосуда. Бұған Дүниежүзілік туристік ұйымының 18 Бас Ассамблеясы мен Азиада-2011 сияқты ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі дәлел бола алады.

2000 жылдан бастап жылсайын Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында Орталық Азияның ең ірі туристік форумы, туризм индустриясының жаңалықтары мен үрдістерін ұсынып, негізгі индикатор мен көрсету алаңы болып табылатын KITF көрмесі өткізіледі. Кезекті 17-ші «Туризм және саяхат» Қазақстандық Халықаралық KITF көрмесі 2017 жылдың 19-21 сәуірінде өтеді. Веб-сайт: www.kitf.kz .

Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы толық ақпараттар: www.kazakhstan.travel и www.visitkazakhstan.kzвеб-сайтында жүктелген.

Қосылған : 20.07.2017, 13:30, Өзгертілген : 20.07.2017, 13:30