Қазақстанның Грекиядағы Елшісі жұмыс сапарымен Крит аралына барып келді

ИРАКЛИОН, 2018 жылғы 14 сәуір – 2018 жылғы 13-14 сәуірде Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшісі Алексей Волков грекиялық Крит аралының ең үлкен әкімшілік орталығы Ираклион қаласында іс-сапармен болды.

Крит аралы жақсы дамыған туристік инфрақұрылымның («барлығы қосылған» жүйесімен қызмет көрсететін жайлы қонақ үйлер, медициналық туризм, Грекияның ауданы бойынша екінші әуежайына ие) арқасында ең танымал еуропалық бағыттардың бірі болып саналады.

Елші аймақтық билік өкілдерімен, атап айтқанда Крит өңірінің Губернаторы Ставрос Арнаутакис, Аймақтық туризм департаментінің басшысы Елена Вугиукалаки, аралдағы қонақ үйлер Одағының директоры Димитрис Кумбаракис, және де Криттің Ауылшаруашылық ассоциациасының Президенті Яннис Спиридакиспен бірқатар кездесулер өткізді.

А.Волков грекиялық серіктестерді Қазақстанның егемендік жылдары ішінде қол жеткізген негізгі көрсеткіштерімен құлағдар етіп, олардың басты назарын екіжақты туризм, білім беру мен экономикалық ынтымақтастықты даму бағыттарына аударды.

Губернатормен болған кездесуде Крит аралымен тығыз байланыс орнату мүдделілігі айтылып, Ираклион қаласында Құрметті консулдық ашу жоспары алға тартылды. Критпен ауқымды ынтымақтастық орнатудың негізгі құраушысы қатарына келесі бағыттар сараланды - тікелей әуеқатынасын ашу, туристік ағымды ұлғайту, коммерциялық ынтымақтастық пен ғылыми-зерттеулік институттарымен өзара іс-қимылды дамыту.

Өз кезегінде, губернатор С.Арнаутакис Қазақстан Елшісі А.Волковқа Криттің жетістіктері мен артықшылықтары жайлы баяндап, аралды одан әрі дамыту жоспарлары мен оның ғылыми-зерттеулік саласындағы көшбасшылығы төңірегінде хабардар етті. Сонымен қатар, губернатор мен елші Критке туристер ағымын тек жазда ғана емес, қысқы мерзімде де, Қазақстан азаматтарына арналған арнайы бағдарламалар дайындау мүмкіндіктерін талқылады.

Баяндалғанға қоса Крит аралында болу аралығында келешекте туризмді дамыту, тікелей әуеқатынасын ашу, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша орын алатын кездесулер өткізу мәселелері көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жуық арада ведомстволар мен аймақ басшыларының жұмыс сапарларын пысықтау жөнінде келісті.

Қосылған : 16.04.2018, 20:45, Өзгертілген : 16.04.2018, 20:45