Сократтың отанында Абай шығармалары оқылды

2019 жылғы 25 тамызда Афинада Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелері халықаралық федерациясының 85-ші Конференциясы шеңберінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «ABAI - ULY DALANYŃ AQYNY» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шараға Грекияның алдынғы беделді академиялық, іскерлік өкілдері, және де грекиялық қоғам және мәдени қайраткерлерінен құрылған Қазақстанның көптеген достары қатысты. Сонымен қатар, қонақтар қатарында дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, журналистер, бұрынғы отандастарымыз бен қазақ диаспорасының өкілдері ат салысты.

Әдеби кеште сөз бастаған Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ү.ж. 30 мамырда халқымыздың ұлы ойшылы мен ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын 2020 жылда атап өту туралы тиісті Жарлыққа қол қойғанын айтты. Ол Хәкім Абайдың шығармашылығына грекиялық ойшылардың рухтандыратын зор ықпалы тигендігіне орай, іс-шара грекиялық ұлы философтардың отанында өтуі аса символикалық мәнге ие екендігін сөзіне тиек етті. Осы орайда, Елші Абайдың 27-ші қара сөзі – «Сократ хәкімнің сөзі» деп аталатындығын ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында Елші Қазақстан мен Грекияның Ұлттық кітапханалары басшыларына ҚР Елшілігі мен «MM Publication» грекиялық компаниясының ортақ туындысы «Қазақстанның Ұлттық кітапханасындағы грек тіліндегі кітаптар каталогын» сыйға тартты. Бұл тақырыптық каталог Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен кітапханаларының бірінде сақталған грек тіліндегі кітаптардың жүйелендірілген бірегей жинағы болып табылады. Отандық дипломат басылым ішіндегі көптеген еңбектер тұңғыш каталогқа енгізілуіне орай, ерекше ғылыми құндылыққа ие екендігіне тоқталды.

Өз кезегінде, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова ҚР Елшілігі мен грекиялық тарапты әдеби кешті өткізуге қолғабыс көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, қатарында Абай туралы 1909 жылы тұңғыш жарық көрген кітаптың көшірмесі мен ақынның шет ел тілдерінде басылып шығарылған заманауи басылымдардан құрылған коллекциялық жинақты табыстады.

Әдеби кештің соңында Грекияны Қазақстанмен одан әрі таныстыру мақсатымен отандасымыз Игорь Тойкиннің орындауында Абай әндері шырқалып, ұлы ақынымыздың еңбектерінің кішігірім көрмесі ұйымдастырылды. 

Қосылған : 26.08.2019, 14:25, Өзгертілген : 26.08.2019, 14:25