​Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні көптеген елдердің күнтізбесіндегі маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Қазақстанда бұл күн 7 мамырда атап өтіледі. 1992 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері қазіргі заманғы және кәсіби армияны дайындау, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – бұл рухани мен физикалық жағынан нығаюға жән өзін жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік беретін жақсы өмір мектеп.

Игі дәстүрге айналған мереке өз Отанын, туған-туысқандар мен жақындарды қорғауға дайын барлық нағыз ер адамдарға тән батылдық, күш, құрмет, жауапкершілік пен қамқорлықты бейнелейді.

Нағыз ер адамдар үшін сынаулар мен тосқауылдар қорқынышты емес, олар кез келген тапсырманы арқалай алады. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген отан қорғаушыларды, соның ішінде дипломатия жолындағы мүдделерін қорғап жүрген әріптестерімізді де бүгінгі мейраммен құттықтаймыз! Бейбітшілік пен жақсылық үшін барлық міндеттерді табысты және тиімді шешуге тілектеспіз!

@PressMFAKZ

Қосылған : 7.05.2019, 22:45, Өзгертілген : 7.05.2019, 22:45