«Қазақстанға саяхат жаса»

2018 жылғы 9 қарашада грекиялық Салоники қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Афинадағы Елшілігінің қолдауымен "Филоксения" Жерорта теңізі аймағындағы ең ірі туристік көрмесінде отандық туристік компаниялары «Қазақстанға саяхат жаса» жарнамалық ұранымен Қазақстанның ұлттық стендінің тұсауын кесті.

Салоникиде өтіп жатқан 34-ші «Филоксения» көрмесі жыл сайын әлемдік және аймақтық туристік бизнес, отельелер мен тасымалдаушы көшбасшыларының басын қосып, ұлттық туристік агенттіктер арасында өзара ынтымақтастық орнату мақсатымен «B2B» жобаларын құруға мүмкіндік беретін ірі іс-шара болып саналады. Биылғы көрмеге әлемнің түрлі елдерінен шамамен 20 мың. адам қатысатыны күтілуде.

Аталған іс-шарада Қазақстанның мемлекеттік стенді тұңғыш көрсетіліп, қонақтарға қызықты мәдени бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, меймандар домбырамен орындалған ұлттық музыкалық туындылармен танысуға, «алып жауынгер-батырлармен» суретке түсуге, сонымен қатар аты әйгілі қазақстандық «апорт» алмасының дәмімен танысуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында отандық стенд түрлі қызықты конкурстар («Жазылушылар жарысы»), сонымен қатар ұлттық «Асық ату» мен «Арқан тарту» секілді ойындар арқылы көпсанды аудитория назарын өзіне тартып, көрменің ең қызықты да тартымды орталығына айналды.

Қазақстандық бұрыштың ашу салтанатында отандық елшілігіміздің Грекиядағы өкілі «Қазақстан «Ұлы Жібек Жолының» бөлінбес бір бөлігі ретінде туризмге айрықша көңіл бөліп, ұлттық экономикамыздың драйверіне айналдыруға күш салу үстінде»-, екенін атап өтті. Ұлттық стендтің ашылуы таяуда қол қойылған «Қазақстан Республикасы мен Грекия арасында Туризм саласы бойынша ынтымақтастық

Қосылған : 10.11.2018, 14:20, Өзгертілген : 10.11.2018, 14:20