Қазақстанның Президенттік оркестрі «Амфиония» фестивалінде Грекия қауымын өз өнерімен паш еткізді

Өткен аптада Афинада тұңғыш рет «Амфиония» атты халықаралық әскери-музыкалық фестивалі өтті. Негізгі шаралар Афинаның орталығы, президенттік саябақта орналасқан «Заппейон» сарайынының алдында орын алды.

Афиналық әскери-музыкалық фестиваліне мәскеулік «Спасская башня» конкурсының келесідей тұрақты қатысушылары ат салысты: Ресей Ұлттық гвардиясының әскерінің оркестрі, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Мәскеулік казактар хоры мен «Еревандық барабаншылар» тобының мүшелері.

Қазақстандық ұжым өз тарапынан грекиялық көрермендерге әлемдік, қазақстандық және эстрадалық музыкалық туындылары енген арнайы бағдарлама сыйлады.

Фестивальде Қазақстанның Президенттік оркестрінің өнер көрсетуі шығармашылық топтың өнерпаздараның авторлық шығармаларының орындалуымен ерекшеленді – ҚР Еңбегі сіңген қайраткері – Президенттік оркестрдің басшысы Талғат Бердіғұловтың «Абылай-хан» маршы, халықаралық жарыстардың лауреаты Олжас Сүлейменовтың «East-West» шығармасы мен оркестрдің ұлттық ансамблінің домбырашысы Жандос Мұхтаровтың «Ұлы дала» туындысы орындалды.

Отандық әртістердің бағдарламасы Президенттік оркестрінің солисі Ардақ Балажанованың орындауындағы «Астана» мен «Мәңгілік ел» өлеңдерінің музыкалық презентациясымен аяқталды.

Аталған қатысушылардан басқа, мәдени іс-шарада итальяндық Кори қаласының тарихи көше ту көтерушілерінің тобы, Афина қаласының балалар хоры, грекиялық Стефанос Куркулис пен София Манусаки секілді әртістері өз өнерлерін паш еткізді. Жалпы Афинада өткен екікүндік фестивальге 300-ден астам әртіс қатысты.

Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің тікелей қолдауымен фестивальдің ұйымдастырушысы болып «Афиналық әскери музыкалық фестивалі» қорының басшысы Валерий Смирнов шықты.

Ойын-сауық парадтар классикалық, ұлттық, поп және рок музыкаларымен сүймелдену арқылы қайталанбас хореография және әсем от шашумен өтуі аталған шараға өзіндік бірегейлік сипатын берді.
Қосылған : 21.05.2018, 11:10, Өзгертілген : 21.05.2018, 11:10