Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (1975 ж.), Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академиясы (1992 ж).

Тарих ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азиялық-Тынық мұхит мемлекеттері» (1998 ж.). Саяси ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Жаңа жаһандық тәртіп қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» (2001 ж.). Қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесі:

1975 – 1979 жж. – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (одан әрі- КСРО) Сыртқы істер министрлігінің кезекші референті, КСРО-ның Сингапурдағы елшілігінің референті;

1979 – 1973 жж. – КСРО Сыртқы істер министрлігінің аға референті, атташесі, үшінші хатшысы;

1983 – 1984 жж. – Бейжіңдік қытай тілі институтының тағылымгері;

1984 – 1985 жж. – КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы;

1985 – 1991 жж. – КСРО-ның Қытайдағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;

1993 – 1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

1994 – 1999 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

1999 – 2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Міндетін атқарушысы;

2002 – 2003 жж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі;

2003 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі;

2007 – 2011 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты үшінші шақырылымының депутаты, Төрағасы;

2011 – 2013 жж.- БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женева қ. Еуропалық бөлімшесінің басшысы;

2013 жылғы 16 қазан – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы лауазымына сайланды;

2017 жылғы 14 қыркүйек – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы лауазымына қайта сайланды;

2019 жылғы 20 наурыздан бастап – ҚР Президенті уәкілеттіліктері ҚР Парламенті Сенаты Төрағасына өтті.

Қосылған : 27.03.2019, 17:55, Өзгертілген : 27.03.2019, 17:55