Қазақстан Елшісі Грекияның Коммунистік партиясының жетекшісімен кездесті

2018 жылғы 11 мамырда Грекияның алдынғы қатарлы саяси күштерімен экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастарды дамыту мақсатымен Қазақстанның Афинадағы Елшісі Алексей Волков Грекия Коммунистік партиясы (ГКП) Орталық комитетінің Бас хатшысы Димитрис Куцусбаспен жүздесті. Өткен кездесуде тараптар екіжақты күн тәртібіндегі және халықаралық қатынастарға қатысты ауқымды мәселелерді талқыға салды.

Елші А. Волков сұхбаттасушыны Қазақстанның бүгінгі таңдағы даму қарқыны, сонымен қатар еліміздің экономикалық және әлеуметтік-саяси жетістіктерімен құлағдар етті. Отандық дипломат Қазақстанның Еуразиялық континентінің ортасында орналасуы себебі Астананы өз сыртқы саясатын көпвекторлы бағытта іске асыруға итермелейтінін атап өтті. Бұл орайда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық үдерістер және де жаһандық бейбітшілік пен аймақтық тұрақтылықты көздейтін бастамалары аталып өтті.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында тараптар, парламенттік өлшемді қоса алғанда, Қазақстан мен Еуроодақтың екіжақты қарым-қатынастарына да тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық Келісімін ортақ жүзеге асыру маңыздылығын ескере отыра, Елші Еуропарламенттегі ГКП басшылығы мен депутаттарын еуропалық тректе Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

Кездесу барысында Грекияда 80 мыңнан астам бұрынғы Қазақстан азаматтары, ал елімізде 10 мыңға жуық этникалық гректердің ғұмыр кешетіні алға тартылып, ГКП басшылығының назары екі ел арасындағы мәдени байланыстарды сақтау маңыздылығына аудартылды.

Өз кезегінде, Д. Куцумбас Грекия Коммунистік партиясында мыңнан астам бұрынғы КСРО мен Қазақстанның тумалары қызмет жасайтынын мәлімдеді өтті. Осы орайда, ол жаппай көшіру жылдары қазақстандықтардың демеусіз қалғандарға көмек пен қолдау көрсеткендері үшін зор алғысын білдірді.

Д.Куцумбас ГКП–нің басымдықтары жайлы және партия күнтәртібіндегі мәселелерін шолу жасап, Грекия мен жалпы әлемде кәсіподақтық және еңбек қозғалыстарын қолдау маңыздылығын атады. Баяндалғанның негізінде, ол екі мемлекет арасында барлық екіжақты және халықаралық мәселелерде тығыз ынтымақтастық орнатылуына қолдау білдіретіндігіне, және де ГКП-нің Қазақстанмен осы бағытта үнқатысу құруға әзір екендігін сөзіне тиек етті.

Грекия Коммунистік партиясы 1918 жылдың қарашасында құрылып, осы мемлекеттің ең ескі саяси партияларының бірі болып есептелінеді.

Қосылған : 11.05.2018, 17:10, Өзгертілген : 11.05.2018, 17:10