Қазақстан Елшісі Грекияның Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы делегациясының басшысымен кездесті

2018 жылғы 14 мамырда Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (одан әрі - ЕКПА) грекиялық делегациясының басшысы Иоаннетта Каввадиамен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында қазақстандық дипломат грекиялық депутатты Қазақстанның Еуропа Кеңесі және Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі, сонымен қатар негізгі бағыттары туралы құлағдар етті. Баяндалғанға қоса, ол саясат, мәдениет және экономика салаларындағы қазақстандық-грекиялық қарым-қатынастарын дамыту төңірегінде сөз қозғады.

Елші Грекия тарапын ресми Афинаның Елбасымыздың халықаралық бастамаларына көрсетіп жүрген достық қолғабыстарына, және де ҚР-ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісімді ратификациядан өткізгендері үшін алғыс білдірді.

Осы орайда, А.Волков екіжақты және түрлі халықаралық бірлестіктерде, ЕКПА-ны қоса алғанда, парламентаралық үнқатысудың атқарар маңызды рөлін ерекше атап өтіп, қазақстандық депутаттармен тікелей байланысты нығайтуға шақырды.

Өз кезегінде, грекиялық депутат И.Каввадиа ұсынылған ақпаратқа ризашылығын білдіріп, 2014-2018 жж. Тату көршілік ынтымақтастықтың басымдықтары шеңберінде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы байланыстарды жалғастыру үлкен маңызға ие екендігін сөзіне тиек етті.

Грекияның ЕКПА-дағы делегациясының басшысы Қазақстанның бірқатар еуропалық конвенцияларға сәтті ат салысуын ерекше атап, еліміздің Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс-жүргізу саласындағы Келісіміне қосылу бойынша атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Оның пайымдауынша, баяндалған салаларда Астананың аталған конвенцияларға қосылуы қазақстандық және еуропалық стандарттарының жақындасуына жол ашатын болады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ортақ мүддеге сай барлық мәселелерге қатысты тұрақты түрде жұмыс байланысында болуға уағдаласты.

Қосылған : 14.05.2018, 22:05, Өзгертілген : 14.05.2018, 22:05