«Қазақстан Елшісі Афинада жаңа Президент сайлаулары туралы баяндама жасады»

2019 жылғы 17 мамырда Грек Республикасы Баспа және бұқаралық ақпарат қызметі ғимаратының пресс-конференцияларға арналған залында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекияның ғылыми, дипломатиялық және саяси топтары, сонымен қатар болу елінің БАҚ-тары алдында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары, заманауи халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелер жайлы, сонымен бірге ү.ж. 9 маусымда Қазақстанда өтуі жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлауларға дайындық туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда, Қазақстан елшісі өз баяндамасында қатысушыларға ү.ж. 19 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа формациядағы саясаткерлер мен басшыларға жол беру мақсатында өз шешімімен отставкаға кету бойынша шешім қабылдағаны жайлы хабардар етті. Осыған орай, отандық дипломат ү.ж. 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлаулар өтетіндігін айтты. Бұл кезекте, Алексей Волков «қазіргі Президент Қ-Ж.Тоқаев сайлау демократиялық қағидаларға сәйкес ашық және әділетті өтетіндігіне мызғымас кепілдік бергенін» айрықша атап өтті.

Халықаралық бақылаушыларға келгенде, елші Қазақстан, ЕҚЫҰ мен шетелдік БАҚ-тардың 350 өкілін қосқанда, түрлі халықаралық және аймақтық ұйымдардан 700-ге жуық бақылаушыларды шақырғанын жеткізді.

Осы орайда, ү.ж. 23 сәуірде билік басындағы «Нұр Отан» партиясы бұл сайлауларға Президент Қ-Ж.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынғандығы жайлы баяндалды. А.Волков президенттік додаға жалпы 7 кандидат ат салысатынын мәлімдеді.

Отандық дипломат мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы бағытының мызғымастығына тоқталып, «еліміз демократиялық даму, мемлекет пен азаматтық қоғамды құруда маңызды белестен өту кезеңінде екендігіне қарамастан, үнқатысу, бейбітшілік пен қауіпсіздікке жол табу секілді қазақстандық дипломатияның негізгі қағидаларына еш әсер етпейтіндігіне» ерекше тоқталды.

ҚР Афинадағы Елшілігі

Қосылған : 18.05.2019, 10:25, Өзгертілген : 18.05.2019, 10:25