Қазақстанның Афинадағы Елшісі «Екінші дүниежүзілік соғысы туралы ақиқат тарих-1943 жыл» атты халықаралық конференциясына қатысты

2018 жылғы 11 мамырда Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков «Диалог» грекиялық саяси-қоғамдық клубының ұйымдастыруымен өткен «Екінші дүниежүзілік соғыс туралы ақиқат тарих-1943 жыл» атты халықаралық конференциясына қатысты.

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орайластырылған іс-шараға белгілі тарихшылар, ғалымдар, дипломаттар мен Грекияның алдыңғы қатарлы саяси партияларының өкілдері ат салысты. Ғалымдардың баяндамалары соғыстың өзгерісті кезеңі 1943 жылға, яғни кеңес әскерінің жау қолынан ұрыстағы бастамасын тартып алып, тікелей шабуылға көшу кезеңіне арналды.

Елші форум қатысушыларына нацизмді Жеңуге Қазақстанның қосқан үлесі жайлы қысқаша баяндап, «фашистік Германия бұрынғы Кеңес Одағының барлық халықтарының көрсеткен ортақ ержүректілігі, біртұтастығы мен күресі арқасында күйрегенін» ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломатудиторияны еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтары мен Елбасының халықаралық бастамаларымен таныстырды. Сондай-ақ, ол конференция қатысушыларын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» Манифесінің негізгі мазмұнымен және де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің тұрақты емес мүшелігі шеңберінде «Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045» бастамасымен таныстырды. Баяндалғанға қоса, А.Волков Елбасының осы орайда БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер өз қорғаныстарына бөлетін жылдық қаржыларының 1 пайызын% Тұрақты даму мақсаттарды қаржыландыруға арналған арнайы Қорға аудару ұсынысын алға тартқаны жөнінде баяндап берді.

Конференция қорытындысы бойынша шақырылған саясаткерлер, дипломаттар мен сарапшлылар жоғары аталған тақырыптарды ашық талқыға салды.

Қосылған : 11.05.2018, 20:55, Өзгертілген : 11.05.2018, 20:55