Елші

Волков Алексей Юрьевич

Өмірбаян

Туған күні:
21.05.1958 ж.т.
Туған жері:
Алматы қаласы
Ұлты: Орыс
Шетел тілдері:


Ағылшын тілін меңгерген
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (1981)

Ғылыми дәрежесі:
Тарих ғылымдарының кандидаты

Бұрынғы қызметтері:

1981-1983 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары

1983 ж.

Алматы облыстық комсомол комитетінің Студенттік құрылыс отряды облыстық штабының комиссары
1983-1986 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің аспиранты
1986-1988 жж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Тарих кафедрасының ассистенті
1988-1989 жж. Алматы облыстық Компартия комитеті Идеология бөлімінің нұсқаушысы, лекторы
1989-1991 жж. Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Идеология бөлімінің лекторы, консультанты
1991-1992 жж. Қазақстан Республикасы Халық ағарту министрлігінің консультанты
1992 ж. Қазақстан кәсіпкерлері конгрессінің Жауапты хатшысы
1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы
1994-1996 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы және мамандырылған халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы
1996-1997 жж. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі
1997-1999 жж. Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары
1999-2003 жж. Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы

2003-2005 жж.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
2005-2012 жж. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2012-2016 жж.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

2016 ж. сәуірден бастап

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Дипломатиялық
дәрежесі:
Төтенше және Өкілетті Елші
Ұлттық және халықаралық марапаттары: «Құрмет» ордені (2011), «Әулие Мария Магдалена» ордені (2011, Польшаның автокефальдік православие Шіркеуі), командорлік «Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін ордені» (2012), Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополит Аймағына көрсеткен қолғабысы үшін «Николай ордені» (2016)

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, 1 баласы бар
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 16:32