Еуропалық коғамдық құқық ұйымы Директорының Қазақстанға жасаған сапары жөнінде

2018 жылғы 16-18 мамыр аралығында Қазақстанға беделді халықаралық Еуропалық қоғамдық құқық ұйымының (одан әрі – ЕҚҚҰ) басшысы Спиридон Флогаитистің сапары өтіп, қазақстандық Академиялармен үш өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

Астанаға сапары барысында белгілі грекиялық заңгер ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚР Қаржы академиясы, сонымен қатар Жоғарғы сот жанындағы Әділеттілік академиясы мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясына ат басын бұрды.

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Әділеттілік академиясының вице-ректоры Н.Раззак пен ЕҚҚҰ директоры С.Флогаитис бірлескен конференциялар мен симпозиумдар өткізуді, сонымен қатар ғылыми ақпарат, сарапшылар мен оқытушылармен алмасуды көздейтін Ынтымықтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР Бас прокурорының орынбасары М.Ахметжанов пен С.Флогаитистің ортасында өткен кездесуде тараптар Құқық қорғау органдары Академиясының ЕҚҚҰ секілді халықаралық ұйыммен байланыс орнату мен дамытудың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан бүгінгі таңда өз қылмыстық үдерісін модернизацияланудан өткізуіне орай, ұлттық, салыстырмалы, еуропалық қоғамдық құқығы мен адам құқығын қоса алғанда, қоғамдық құқық саласында мойындалған білімі мен тәжірибесі бар Грекиямен осы салада өзара іс-қимылды кеңейту мүдделілігі алға тартылды.

ҚР Бас прокуратурасында тиісті ынтымақтастық орнату жөніндегі құжатқа қол қойылған соң, Құқық қорғау органдары академиясының басшысы Ш.Шаяхметов аталған құжат кадрларды даярлау мен қылмысқа қарсы күреске бағытталған өзекті мәселелер бойынша ортақ зерттеулерді өткізу салаларында бірлесіп қызмет жасаудың негізіне айналғанын атап өтті.

ЕҚҚҰ-мен ынтымақтастық орнату туралы үшінші Меморандумға өз қолтаңбасын ҚР Қаржы академиясының Президенті Н.Коржова қойды. Құжатқа студенттермен алмасу және жас ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтулері, біліктіліктерін арттыру бойынша жоспарлар енгізіліп, ортақ мүддеге сай ғылыми зерттеулер өткізу мен бастамаларды жүзеге асыру уағдаласылды.

Баяндалғанға қоса, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының қабырғасында С.Флогаитис Мемлекеттік саясат бойынша ұлттық мектебінің Директоры Б.Боқаев, Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беру Институтының Директоры және Халықаралық серіктестік Орталығы басшысының орынбасарымен жүздесті. Қол қойылған үш бірдей меморандум тараптардың қазақстандық кадрлардың біліктілігін жоғарылату саласында ортақ жұмыс атқару ынтасының кепіліне айналды.
Қосылған : 21.05.2018, 11:00, Өзгертілген : 21.05.2018, 11:00