Қазақстан Елшісі қазақстандық-грек қатынастарының болашағы бойынша баяндама жасады

2017 жылғы 18 сәуірде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ғимаратында Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Волковтың мемлекетіміздің Грекиямен екіжақты қатынастарының қазіргі жағдайы мен алдымызғы жылдарға мақсатталған жоспарлары бойынша брифингі өтті.

Іс-шара Министрліктің «Жаңа мүмкіндіктер» бағдарламасына сәйкес, Қазақстанның шетелдік өкілдік басшыларының қатысуымен отандық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізу аясында ұйымдастырылды.

Кездесу басында Елші А.Волков қазақстандық-грек қатынастарының тарихы және дамуымен қатар, үстіміздегі жылы Астана мен Афинаның дипломатиялық қатынастарына 25 жыл толатынын мәлімдеді. Бұл орайда, Грекиядағы Қазақстан Елшілігі бірқатар саяси, экономикалық және мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлауда.

Алексей Волков Елшілік жұмысының басты назары инвестициялық және сауда байланыстарды жандандыруға бағытталғанын айтты. Елшілік тарапымен жоғары деңгейлі саяси, парламенттік және корпоративтік байланыстарды ұлғайту жұмыстары пысықталуда. Бұл өз кезегінде, сөзсіз Қазақстан мен Грекия арасында сауда және экономикаларымызға өзара тікелей инвестицияяларды тартуға жол аша алады. Елшінің пікірінше Грекиямен технологиялық және инвестициялық бағытта ынтымақтастықты өрбіту Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін береді.

Мемлекет басшысының инвестицияларды тарту мен қазақстандық экпортты жылжыту тапсырмаларына сәйкес, екі мемлекеттің транзиттік мүмкіндіктері мен Батыс Еуропа – Азия арасында жүк тасымалы көлемін ұлғайту тұрғысынан Грекия еліміздің мүдделеріне сай келеді. «Жаңа Жібек Жолы» дәлізі шеңберінде көліктік жүйелерді қиылыстыру да едәуір болашаққа ие.

Елшінің пікірінше, Грекиямен қол жеткізілген байланыстар ынтымақтастықтың барлық салаларын одан әрі ұлғайтуға негіз болуда. Заманауи бәсекелестік экономикалық жағдайында Елшілік алдында отандық тауарлар мен Грекия нарығында қызметтерімізді жылжыту үшін жоғары аталған байланыстарды одан да сапалы деңгейге көтеру мақсаты тұр.

Баяндалған ынтымақтастық түрін дамыту дәлеліне Грекия басшылығының Астанада өтетін «ЭКСПО-201»7 халықаралық көрмесіне қатысуын жатқызуға болады. Көрмеге Грекия халықаралық стандарттарға сай нақты энергетикалық инфрақұрылым үлгілерімен ат салысуды көздеуде. Жерорта теңізі мемлекетінің жаңартпалы энергия көздерін пайдалануда едәуір тәжірибесі бар, атап айтқанда күн энергиясын пайдалану көрсеткіші 20% тең.

Қазақстан Елшісі Афинадағы дипломаттарымыздың жұмыс аясы тек саяси-экономикалық бағытта ғана емес, Грекияда ғұмыр кешетін бұрынғы отандастарымыз-қазақстандық гректермен тығыз байланыс орнатуға бағытталғанын айрықша атады. Өз кезегінде, отандастарымыз Қазақстанда қалған туыстары және достарымен әрдайым байланыста. Олар қиын-қыстау замандары оларға пана берген қазақ халқына ыстық ілтипаттарын еш жасырмауда.

Дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай, саяси-қоғам өкілдері мен бұрынғы отандастарымыздың назарларына Елшілік жыл ішінде бірнеше маңызды мәдени және музыкалық іс-шараларды ұйымдастыруды көздеуде.

Қосылған : 18.04.2017, 23:15, Өзгертілген : 18.04.2017, 23:15