Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы мен Қазақстан Президенті елорда қонақтарын және тұрғындарын, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Қосылған : 21.03.2019, 17:30, Өзгертілген : 21.03.2019, 17:30