Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» ұлттық павильонына барды

Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен қалпына келтірілген «Қазақстан» ұлттық павильонын аралап көрді.

Павильонға кіре берісте келген қонақтарға арнайы «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры мен балет труппасының орындауында «Ел Салтанаты» вокалды-хореографиялық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, павильон қонақтары табиғи және экологиялық таза өнімдер мен ұлттық тағамдар ұсынылған қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін қарап шықты.

Бірегей көрме кешенінің экспозициясымен танысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин павильонның «Құрметті қонақтар кітабына» жазба қалдырды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Президенті Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған ҚР Ұлттық музейінің көрмесін тамашалады. Көрмеге б.э. дейінгі VIII – VI ғасырларға жататын 30-дан астам бірегей экспозия қойылған.

Қосылған : 9.09.2019, 19:45, Өзгертілген : 9.09.2019, 19:45