Қазақстан Елшісі А.Волков Грекияның Экономика және даму Министрімен кездесті

2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі А.Волков болмыш елдің Экономика және даму Министрі Димитрис Пападимитриумен кездесті.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық, мемлекеттер арасында сауда айналымын ұлғайту мен өзара инвестицияларды қорғау секілді тақырыптарда ауқымды мәселелер талқыланды. Бұған қоса, Элладаның астаналық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу сұрақтары қаралды. Елші мен Министр ведомствоаралық байланыстар мен шарт-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, грек тарапына қолда бар бизнес байланыстарды одан әрі ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грек Республикасы Үкіметі арасында инвестицияларды көтермелеу және қолдау бойынша Келісімді жасасу жұмысын өзара тездету ұсынылды.

Грекия Республикасы Экономика және даму Министрі Димитрис Пападимитриу Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңесіне мүше, және де Ресей Федерациясымен мызғымас достық пен іскерлік байланыстарының бар екенін назарға ала отыра, өз мемлекетінің өнімдерін Республикамыздың үлкен нарығына (грек нарығынан екі есе үлкен) шығаруға мүдделі екендігін айтты. Баяндалғанға қоса, Министр Қазақстан мен Ресей Грекиямен көптеген ортақ тарихи және мәдени желілермен қоса, грек диаспоралары арқылы байланысқанын айрықша атап өтті. Бұл орайда, Грекия – ЕО-ға мүше мемлекет, ал Қазақстан – Еуразиялық Экономикалық Кеңесінің мүшесі тұрғысынан алғанда, тығыз экономикалық байланыс дамыту ұсынылды.

Келіссөз қатысушылары зор келешекке жетелейтін екі мемлекет арасындағы қатынастар қарқынды дамып келе жатқанымен келісті.

Елші А.Волков сұхбаттасушыны елімізде өткізіліп жатқан маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық процесстерімен таныстырып, «ЭКСПО-2017» шеңберінде жоспарланған халықаралық экономикалық іс-шаралар жөнінде құлағдар етті.

Аталған кездесуге грек тарыпынан Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрмесіне ат салысатын грек павильонының басшысы Илиас Ксантакос қатысты.

Қосылған : 13.04.2017, 10:25, Өзгертілген : 13.04.2017, 10:25