"Smart Travel KZ" мобильді қосымшаcs

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы «Smart Travel KZ» атты мобильдік қосымшасын әзірледі.

Аталған мобильдің қосымша өзге елге кез келген мақсатпен аттанған Қазақстан азаматтары үшін алдын ала телефон арқылы визалық режим туралы онлайн біле алады. Сондай-ақ төтенше жағдай орын алған кезде іске асырылатын шаралармен таныса алады.

Мобильді қосымшадан шетелдегі қылмыстық жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық деректерді де тауып алуға болады. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін сақтандыру және медициналық қызметтер жөніндегі кеңестер және елшілік секілді құзырлы органдардың байланыс нөмірлері де жазылған.

Қосымшаны iOS және Android платформаларынан тегін жүктеу алуға болады.

Қосылған : 10.01.2018, 11:35, Өзгертілген : 10.01.2018, 11:35