Грекия Спорт министрінің Қазақстанға сапары өтті

2017 жылғы 28-29 тамызда Грек Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Орынбасары (спорт министрі) Джордж Вассилиадис Қазақстанға сапары өтіп, екі ел арасында Спорт саласында ынтымақтастық жөніндегі Декларацияға қол қойылды.

Сонымен қатар, спорт арқылы әлемде бейбітшілікті дәріптейтін және жемісті үнқатысуға жол ашатын Заманауи Олимпиялық Бітімі Декларациясына таңба қойылды. Көне заман дәстүрлері мен стандарттары негізінде жасалынған қазіргі кезеңдегі алғашқы құжат екенін айрықша атап өту қажет.

Грек министрінің мазмұнды бағдарламасына Астананың спорт кешендері мен «ЭКСПО-2017» аралау енгізілді.

Қазақстандық әріптесі Сәкен Мұсайбековпен өткен кездесуде грекиялық басшы Республикамызда спорттың дамуы, министрлік қызметінің басты бағыттарын, сонымен қатар еліміздің Олимпиадалық ойындардағы жетістіктері мен спорттық байланыстар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі жайлы таныс болды. Сәкен Мұсайбеков футбол мен баскетбол бойынша тәжірибемен алмасуға, және де отандық спортшылардың Грекияда спорттық қалыпқа келуге қызығушылықтың бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде Джордж Вассилиадис Грекияның спорт жүйесі құрылымы, Қазақстанмен әріптестік пен екіжақты қарым-қатынасты ұлғайту мүдделілігі жөнінде баяндап берді. Сонымен қатар, ол қазақстандық спортшылардың жоғары деңгейдегі біліктілігін атап өтіп, Алматыда Қысқы Универсиаданың сәтті өткені мен жалпы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қабілетті екенін сөзіне тиек етті.

Джордж Вассилиадис өз әріптесін ү.ж. қарашада 35-ші халықаралық марафонның өткізілуі аясында және грекиялық әріптестермен «follow-up» режимінде кездесулер өткізу мақсатымен Грекияға іс-сапармен келуге шақырды.

Екікүндік сапар барысында Джордж Вассилиадис Астаның басты спорттық кешендеріне ат басын бұрып, мемлекеттің оларды қолдану аясымен таныс болды. Қазақстан астанасында грек саясаткері отанымздың Орыс Православиелік Шіркеуі Басшысының уәкілі – архимандрит Сергеймен жүздесіп, Свято-Успенский кафедралдық соборына баруға мүмкіндік алды. Грек делегациясы «ЭКСПО-2017» жұмысымен танысуға, сонымен қатар «Нұр Әлем» сфералық павильоны және Грекия елінің бұрышымен таныс болды.

Жалпы, грек спорт министрінің Қазақстанға алғаш сапары барысында аталған Декларацияға қол қойылуы екі ел серіктестігінің нығаюының тағы бір маңызды қадамына айналды. Қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, тараптар тәжірибе алмасу мақсатымен кездесулер мен консультациялар өткізіп тұруға, ақпараттармен алмасуға, және де спортшылар мен менеджерлердің біліктіліктерін арттыру саласында әрдайым ынтымақтастықта болуға келісті.

Республикамызды онсызда жаһанда тұрақтылық мен ұлтаралық келісім мекені ретіндегі имиджі беделінің үстіне қол қойылған Заманауи Олимпиялық Бітімі Декларациясы Қазақстандағы олимпиялық қозғалыс пен спорттың одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Анықтама: Олимпиялық Бітімі дәстүрі б.з.б. IX ғ. Көне Грекия жерінен бастау алады. Бітім жарияланғаннан соң (әр Олимпияда ойындары басталуынан 7 күн бұрын және біткен соң 7 күн аралығы) спортшылар, олардың отбасылары, қарапайым қатысушылар мен қажылыққа аттанған адамдар Олимпияда ойындарына толық қауіпсіздікте жетіп, біткен соң аман-есен қайтуға мүмкіндік алатын еді.

Қазіргі жаһандағы оқиғаларға қарамастан, спорт пен Олимпияда ойындарының бар болуын ескере отыра, Халықаралық Олимпияда Комитеті көне Олимпияық Бітімі концепциясын спортты ғана емес, әлемде болып жатқан қақтығыстарды мейілінше бейбіт және дипломатиялық жолдармен тоқтату ниеті негізінде қайта жаңғыртуға бел буды.
Қосылған : 30.08.2017, 09:30, Өзгертілген : 30.08.2017, 09:30