Қазақстан Республикасындағы Ұлтаралық Келісім

Қазақстан – бүгінде 40-тан астам конфессияларда біріккен 130-дан астам этнос достықта және келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет.

Біз Қазақстанның барлық тәуелсіз жылдары бойы түрлі этникалық топтардың арасындағы келісімді сақтай алдық. Қазақстанда посткеңестік кеңістікте орын ала бастаған ұлтаралық жанжалдардың қаупін дер кезінде бағалай алдық. Мұны ең бірінші мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаев түсінді.

Қоғамда тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің ішкі саясатының бағытының негізгі ірге тасына айналды.

Бізде өте ұзақ уақыт бойы халықтар арасындағы өзара қатынастардың ерекше дәстүрі қалыптасқан. Бүкіл әлемде қазақстандық этникааралық келісімнің үлгісі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдырдың еркімен біздің ортақ отанымыздың территориясына келген барлық этникалық диаспораларға қазақтардың төзімді және шыдамды қатынасы жатыр.

Мысалы, славяндық халықтардың басым көпшілігі Қазақстанға XIX—XX ғасырлар тоғысында Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай көшіру жылдары келген.

Сталиндік тоталитарлы тәртіп жылдары байтақ Қазақстанымызға он мыңдаған саяси тұтқындар келді. Қазақстан лагерлі республикаға айналды.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары бұрын Қиыр Шығыс, Күнгей Кавказ, Солтүстік Кавказ, Қырым, Еділ арнасы және т.б. жерлерден соңды болып көрмеген жаппай жер аударулар басталды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру, жаппай кеңестік индустриялдық құрылыс жылдары жүз мыңдаған жастар Қазақстанда жаңа Отандарын тапты.

Кез келген осы сатыларды қазақтар қоныс аударғандарды ерекше жылулықпен және жайдарылықпен қарсы алғандарын еске сала кету қажет. Ең күшті дағдарыс кезеңі республикада өткен жүз жылдықтың 90-шы жылдарының бірінші жартысына тұс келді. Бұл мемлекеттіліктің өркендеу кезеңі болатын. Шетелдік мемлекеттермен байланыстар орнатылу үстінде болды.

Республиканың алғашқы Конституциясы қабылданды. Жеке валютасы енгізілді. Елдің экономикасы аса қиын дағдарысты басынан өткізіп жатты, қоғамда әлеуметтік мәселелер асқынды. Халықтың республикадан тыс жерлерге кету процесі басталды. Отандастарымыз мемлекеттен тыс жерлерде өздеріне жақсы тағдырлар іздеуді бастады. Немістер - Германияға, гректер – Грекияға, орыстар – Ресейге, украиндықтар – Украинаға және т.б. жақтарға кетіп жатты. Қоғамда тіл, азаматтық және көші-қон мәселелері көтерілуіне байланысты елдегі жағдай шиеленісе түсті.

Кейбір саяси «сәуегейлер», негізінен шетелдік, тәуелсіз Қазақстанды құру, ең алдымен республиканың көп ұлтты болуына байланысты, мүмкін емес деген негізсіз болжамдар беріп жатты. Біздің мемлекетімізде бірыңғай мемлекеттен автономдық республикаларға ыдырауға әкеліп соғатын сөзсіз ұлтаралық жанжалдар орын алады деген болжамдар айтылды. Осы жағдайларда ұлтаралық қатынастар саласында түбегейлі шараларды қолға алу қажет болды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев дана, салмақты және ұзақ мерзімді ұлтаралық саясатты жүргізуді бастады. Ол бірнеше жылды қажет етті және осы күнге дейін жалғасын табуда.

Елбасының жеке араласуымен ұлтаралық үнқатысу мен бейбітшілікті сақтаудың күшті идеологиясы құрылды және оны қорғап, елде және әлемде қызу насихаттады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ұлтаралық келісімге іріткі сала алатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылған. Сепаратистер мен ұлтшылдардың кез келген әрекеттері орталық билік тарапынан қатал тоқтатылып отырылды және тоқтатылуда.

Елде үйлестірілген тіл саясаты жүргізілуде және Қазақстан осы мәселені өткір күйзелістерсіз шешкен аз мемлекеттердің бірі болып табылады. Бүгінде мемлекет азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуінің табиғи процесі жүріп жатыр. Республиканың тілдік байлығы жалпы қазақстандық мәдениетті толықтырудың және көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайтудың маңызды факторы болып отыр.

Елбасы жақсы ойластырылған кадрлық саясат жүргізіп, биліктің жергілікті және орталық органдарында еліміздің түрлі халқының өкілдері қызмет атқаруда. Ең алдымен адамның іскерлік қасиеттеріне назар аударылады.

Егемендіктің басынан бастап Қазақстанның барлық диаспораларына туған тілдерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін дамытуға тең мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, 1995 жылы президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен республикадағы ұлтаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты реттеу және қолдау көрсету бойынша көмек көрсетуге бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бірегей қоғамдық институты құрылды. Мемлекеттің Конституциясына енгізілген 2007 жылғы өзгерістер мен толықтырулар Ассамблеяға ел Парламентіне өзінің 9 өкілін өкілдеуге мүмкіндік берді. 2006 жылы барлық ірі ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер орналастырылған Бейбітшілік және Келісім сарайы («Пирамида») қолданысқа берілді.

Мемлекет басшысы қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Оның барлық баяндамаларында елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығы атап өтіледі.

Ұлтаралық саясатты жүзеге асыруда Президент қазақ халқының діліне, оның басқа ұлттарға деген дәстүрлі төзімді көзқарасына сүйенетін болды.

Мемлекет президенті «…ұлттық мәселелерді бірден шешіп тастау мүмкін емес. Мұны тіпті әлемнің ең гүлденген демократиялық мемлекеттері де жүзеге асыра алмаған. Біз ұлттық мәселелерді шешу әрекеттерінен, бір рет және түбегейлі басқа негізгі стратегияға көшуден бас тартуымыз қажет. Әділ туындап отырған қайшылықтарды жоюға тырыспауымыз керек. Біздің стратегиямыз қайшылықтардың қанды жанжалдарға айналмауын алдын алу саясатына негізделген болуы қажет» деп атап көрсетті.

Сондықтан Қазақстанда ұлтаралық бейбітшілік пен келісім саясатының дұрыс қойылуының арқасында ұлтаралық жанжалдар мен сүргіндер жоқтың қасы.

Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақты және орнықты дамудың үлгісі бола алады. Бұрынғы Кеңес Одағының бір де бір мемлекетінде ұлттар мен диаспоралар осындай келісімде өмір сүріп жатқан жоқ. Қазақстандағы ұлттық мәселенің мұндай жағдайы, әлбетте, қарама-қайшылықтармен емес, ұлтаралық қатынастардың ерекше адамгершілік үлгісімен және әр түрлі мәдениеттердің өзіндік бай симбиозымен түсіндіріледі.

Қазіргі және келешек ұрпақтың басты міндеті – бір-біріне деген ықыласты қатынастар, төзімділік және көпұлттылық кемшілік емес, керісінше, мемлекеттің артықшылығы болып табылатын Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан әрбір халықтың тілі мен мәдениет құрметтеу арқылы осы бейбітшілікті аялау және сақтап қалу болып табылады.

Қосылған : 27.07.2017, 13:35, Өзгертілген : 27.07.2017, 13:35