Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2016 жылғы 2-4 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында

Афина және Патра қалаларында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаевтың басшылығымен Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Опера және Балет театрының гостролдері өтті.

Грекиялық көрермендер назарына екі балет алға тартылды – Ұлы Дала Аңыздары (Қазақ Хандығы құрылуының 550-жылдығына орай) мен Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезадаcы» .

2016 жылғы 16 қарашада Жұлдыздар тоғысқанда атты фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Ш.Айманов атындағы Қазақфильм АҚ киностудиясының туындысы ҚР Президенті күнін мерекелеу аясында Ахарнэ қаласында көрсетілді.

2017 жылғы 24 мамырда Анаға апарар жол фильмінің презентациясы өткізілді. Көрсетілім Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығы аясында пысықталды.

Білім саласы на келгенде Қазақстан мен Грекия жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыстар орнатылған. Еуразиялық Ұлттық Университеті мен Грекияның Афина ұлттық техникалық университеті және Батыс Грекияның Технологиялық білім беру институты арасында ынтымақтастық келісімдері бар. «Назарбаев» Университеті қабырғасында 10-нан астам грек профессорлары жемісті дәріс беруде.

Спорт саласында теннис пен көркем гимнастика спорттық федерацияларымыз арасында ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойылған.

Екі елдің дипломатиялық қатынастары орнатылуының 25-жылдығы шеңберінде Елшілік тарапымен әйгілі қазақ пианисті, Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың концертін өткізу қолға алынды (2017 жылғы 4 қазан). Концерт бойынша бар ақпаратты Елшіліктен алу болатынын хабарлаймыз.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 16:50