ҚР Бас прокурорының орынбасары М.Ахметжанов Афинада өткен Еуропалық Прокуратура құру туралы Халықаралық конференциясына қатысты

2018 жылғы 23-25 қарашада Афинада өткен Еуропалық Прокуратура құру туралы Халықаралық конференцияға еліміздің атынан ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Аталған конференция прокуратураны реформалау мәселелерін талқылауда, қылмыспен күресудегі жаңа тәсілдерді енгізуде және құқықтық тәртіпті нығайтуда эффективті алаңына айналды.

Еуропалық Одақ трансшекаралық қаржы айлакерлігімен күресу мақсатымен өз қызметін 2020 жылы бастайтын Еуропалық прокуратура құруды ұйғарды. Бастапқы кезеңде құрылымның жұмысына 20 мемлекет ат салыспақ.

Афинада өткен мәжіліске өз Бас прокуратура өкілдерін жолдаған мемлекеттер қатарында Грекия, Ресей, Сербия, Албания, Италия, Швеция, Бельгия, Кипр, Аустрия мен Лихтенштейн бар.

Қатысушылар жемқорлыққа қарсы қызмет пен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісіп, ақпаратпен алмасу, сонымен қатар жемісті ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыға салды.

М.Ахметжановтың Грек Республикасы Жоғарғы сотының Бас Прокуроры Ксени Димитриумен өткен кездесуінде 2017 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес, құқықтық көмек көрсету мен нақты қылмыстық істер бойынша экстрадициялау мәселелерінде екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге уағдаласты. Сонымен қатар, тараптар прокуратура мен пенитенциарлық жүйені реформалау тақырыптарына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Бас Прокурорының орынбасары маңызды Халықаралық конференцияны ұйымдастырған грекиялық әріптестеріне алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

ҚР Афинадағы Елшілігі
Қосылған : 25.11.2018, 14:45, Өзгертілген : 25.11.2018, 14:45