Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні

30 тамызда Қазақстанда ең маңызды мемлекеттік мейрамдардың бірі - Конституция күнін атап өтіледі.

Бұл күні 1995 жылы жалпыұлттық референдумда халықтың еркін білдіретін және демократиялық дамудың берік іргетасын қалайтын елдің Ата Заңы қабылданды. Қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және салмақты саясатын қолдай отырып, тұрақтылықты нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен бірлігін арттыруға дауыс берді. Конституцияның қабылдануы, Елбасының айтуынша, «мықты тіректің символы, керемет табыстылықтың бастауы» және тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы шешуші тарихи сәт болды.

Мемлекеттің барлық құқықтық жүйесінің өзегі бола отырып, Ата Заң басқа нормативтік-құқықтық құжаттардың мәні мен мазмұнын айқындайды. Конституцияда елдің барлық саяси ландшафты жазылған, оның маңызды институттары бекітілген, биліктің атқарушылық, заң шығарушы және сот қызметіне бөлінуі декларацияланады, Конституцияның кепілі болып табылатын Мемлекет басшысы лауазымы құрылды.

30 тамыз күні Қазақстан халқын біріктіретін және «еліміздің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» атты басты заңның құрметіне бүкіл ел бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз және денсаулық, өркендеу мен амандық тілейміз!

@PressMFAKZ

Қосылған : 30.08.2019, 13:15, Өзгертілген : 30.08.2019, 13:15