«Қазақстан Афинада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы комитетінің мәжілісінде өз тәжірибесімен бөлісті»

2019 жылғы 19-20 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мүшелері Афинада өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (одан әрі - ЭЫДҰ) Аймақтық даму саясаты бойынша комитетінің 4-ші министрлік мәжілісіне ат салысты. Іс-шара «Мегатрендтер: аймақтар, қалалар мен ауылдық аудандар үшін ең жақсы болашақ құру» тақырыбы аясында өтті.

Комитет мәжілісінде ЭЫДҰ мемлекеттерінде соңғы жиырма жыл ішінде аймақтық даму саласындағы өзекті трендтер, сонымен қатар келешекте ықтимал гуманитарлық сын-тегеуріндерге дайындау бағытында аймақтық даму саясатының тиімділік ролі тақырыптары талқыға салынды.

Іс-шара барысында ЭЫДҰ-ға мүше-мемлекеттерінің министрлері цифрлік және жаһандық экономика жағдайларындағы өнімділікті арттыру, сонымен қатар адамдық, жер ресурстары мен жергілікті саясаттың инвестицияларды сапалы инфрақұрылымға құюды ұлғайтудағы ұйымдастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жалпы тұрақты даму саясатына басқаша көзбен қараудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстандық делегация аталған дискуссияларға белсенді қатысып, қатысушыларға баяндалған мәселелерді шешуде мемлекетіміздің тәжірибесімен таныстырды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Аймақтар, қалалар мен ауылдық аудандарда үшін ең жақсы болашақ құру бағытындағы саясат туралы Декларацияға қол қойылды.

Осы орайда, Афинада орын алған Министрлік мәжіліс мерейтойлы санатында өткенін атап өтеміз – 2019 жылдың 19 наурызында ЭЫДҰ Аймақтық даму саясаты бойынша комитетіне 20 жыл толды.

ЭЫДҰ Аймақтық даму саясаты бойынша комитеті 1999 жылы құрылып, ұйымға мүше мемлекеттердің мекендерінде аймақтық даму саясатын талқылау мен құрудағы басты халықаралық форум болып табылады. Министрлік мәжіліс 5 жылды бір рет өткізіледі.
Қосылған : 21.03.2019, 17:45, Өзгертілген : 21.03.2019, 17:45