​Қазақстанда шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді институттары құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жыл 28 наурыз – Әлемдік тәжірибе, инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету бір-бірімен тығыз байланысты, сол себептен ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестициялық және экспорттық қызметті жалпы үйлестірумен айналысуда.

Отандық шикізат емес өнімдерінің экспортын талдау нәтижесінде соңғы жылдары шет елдерге сатылған қазақстандық қайта өнделген өнімдердің көлемі сенімді қадаммен өсіп келе жатыр, сондай-ақ елдердің тізімі мен жеткізілетін тауардың саны артуда.

Қазақстан экспорты 2018 жылдың қорытындылары бойынша 61 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның сауда әріптестерінің топ 10 еліне мыналар кіреді: Ресей, Италия, Қытай, Нидерланд, АҚШ, Франция, Швейцария, Корея Республикасы, Өзбекстан және Германия.

Бүгінгі таңда ҚР СІМ басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық клмпаниялармен және квазимемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, экспорттық бағыттағы басымдықтарды, сондай-ақ өзара ықпалдастықтың алгоритміне тұжырымдамалық тәсілдемелерді анықтағанын атап өткен жөн.

Біздің өнімдерімізді шет елдерде ілгерілету тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін экспорттық қызметтің барлық ойыншыларының өзара іс-қимылы Регламенті әзірленді.

Қосылған : 29.03.2019, 22:20, Өзгертілген : 29.03.2019, 22:20