Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысты

Cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің жоғары деңгейдегі сегментінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысты.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген М. Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастыра отырып, адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарға толық қол жеткізуге ниетті екенін атап өтті. Министр қатысушыларды адам құқықтарын қорғауға қатысты Мемлекет басшысының Жолдауының ережелерін іске асыру туралы хабардар етті, «естуші мемлекеттің» тұжырымдамасына және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрулуына назар аударды.


Жолдауды іске асыру және БҰҰ ұсынымдарын орындау бойынша практикалық қадам ретінде Қазақстанның өлім жазасын жоюға, митингілер туралы заңнаманы жетілдіруге және әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Екінші Факультативтік хаттамаға қосылуы туралы шешімдер қабылданды.


Қарусыздану жөніндегі конференция мінбесінен сөйлеген сөзінде Сыртқы істер министрі Қазақстанның 2045 жылға қарай Елбасының ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуі туралы бастамасын іске асыруға тұрақты бейілділігін атап өтті.

 М.Тілеуберді қарусыздану саласындағы дағдарысты жағдайды айтып, делегацияларды ядролық қарусыздану, ядролық қарусыздану үшін ыдырайтын материал өндірісін тоқтату, ғарышта жаппай қару шығаруды болдырмау және ядролық емес мемлекеттерге қауіпсіздікке кепілдік беру саласында жаңа уағдаластықтарды әзірлеу бойынша нақты жұмысты бастауға шақырды.

Қосылған : 27.02.2020, 22:55, Өзгертілген : 27.02.2020, 22:55