Грекиялық кинофестивальде қазақстандық фильм жүлдеге қол жеткізді

Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Дүниеге деген бейжалылық» атты туындысы Афина қаласында өткен «31-і Халықаралық Еуропалық киноларының панорамасы» кинофестивалінде жүлделі атанды.

Грекиялық астанасында ү.ж. 22 қараша – 5 желтоқсан аралығында өткен іс-шарада елуден астам көркем және қысқаметражды фильмдер көрсетілді.

А.Ержановтың драмасы аталған конкурстың финалына түсіп, қазылар алқасы 11 кинотуындының ішінен – 2 грекиялық және 9 шетелдік, үздігін таңдады. Мәдени додаға өз киноленталарын жолдаған елдер қатарында Грекия, Франция, Қазақстан, Польша, Нидерланды, Ресей, Германия мен Хорватия болды.

«Дүниеге деген бейжалылық» фильмі екі жас кейіпкер Қуандық пен Салтанаттың ауылдан үлкен шаһарға келіп, қоғамның заманауи сын-тегеуріндеріне қарсы төтеп беру қадамдарын баяндайды.

Афиналық 31-і кинофестивальдің жүлдегерлерінің есімдері ү.ж. 5 желтоқсанда анықталды. «Үздік фильм» номинацияларын Әділхан Ержановтың туындысы мен ресейлік режиссер Елизавета Стишованың «Сүлеймен тауы» фильмі иемденді.

Фестивальдің жабылу салтанаты «Канн кинофестивалінің» жеңімпазы – басты ролінде қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен Сергей Дворцевойдың «Айка» туындысымен аяқталды.


Қосылған : 6.12.2018, 13:10, Өзгертілген : 6.12.2018, 13:10