«Афродита кубогы-2017»

2017 жылғы 24-28 наурыз аралығында Грек Республикасының астанасы Афинада көркем гимнастикадан «Афродита кубогы 2017» атты үшінші халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен, атап айтқанда Аустрия, Австралия, Канада, Қытай, Чехия, Эстония, Ұлыбритания, Грекия, Қазақстан, Мажарстан, Ирландия, Малайзия, Норвегия, Пуэрто-Рико, Румыния, Ресей, Сингапур, Украина, Словакия, Швеция, Түркия мен Кипр аралынан 260 спортсмен қатысты.

Жас категориясы бойынша «сеньоры» топтық жарысында өнер көрсеткен Д.Жақыпова, Р.Сұлтанова, А.Талғатбек, А.Қазбекова, Д.Ерғалиева, К.Көптілеу көпсайыстың 2 орнына көтерілді (6 күміс алқа). Гимнастиканың басқа түрлерінен, яғни «шеңбер»-мен 5 сайыскер – 3 орынды, «доп» (3 сайыскер) пен «секіртпеден» (2 сайыскер) де 3 орынды иемденді.


Келесі жас категориясы бойынша «юниоры» топтық жаттығуларына спорттық күрзімен ат салысқан А.Рустамқызы, Д.Шарафиденова, Д.Мусабекова, А.Берназарова, Р.Сүлеймен мен Р.Жолдиноваға 3 орын бұйырды.

Жеке жаттығуларда:

Көпсайысты «Юниорлар» тобы: Р.Абитова, 2003 жылы туылған,

- 1 орын, А.Тілекенова, 2002 жылғы – 3 орын;

Финалды «Юниорлар» тобы: А.Тілекенова (спорттық күрзі) – 3 орын, лента қолданумен – А.Тілекенова – 2 орын;

Финалды «Сеньоры» тобы: А.Адильханова (спорттық күрзі) – 3 орын.

Турнир артынан Грекияның көркем гимнастика Федерациясының президенті Танасис Василиадис екі мемлекеттің гимнастика федерациялары арасында ынтымақтастық орнату туралы Меморандумына өз бұрыштамасын соғып, құжат ендігі оның қазақстандық әріптесіне қол қоюға жолданды.


Сонымен қатар, Афинада болған келіссөздерде Грекия спортшыларының үстіміздегі жылдың жас мерзімінде Қазақстанда өтетін жарыстарға қатысулары уағдаласылды.

«Афродита кубогы 2017» отанымыздың алдынғы қатарлы спортшыларына алқаға қол жеткізуде тәжірибе жинаумен қатар, халықаралық деңгейде өз қабілеттіктерін айтарлықтай шыңдауға мүмкіндік берді. Қазақстанның ұлттық құрамасы Афинадағы аталған жарысқа 2015 жылдан бастап тұрақты қатысушысына айналып қана қоймай, дәстүрлі түрде көптеген алқа алушыларына айналды.


2017 жылы өткен бәйгеге елімізден 22 спортшы қатысып, аталған турнирге ат салысқан ең үлкен өкілдік құрама атанды.
Қосылған : 4.04.2017, 10:45, Өзгертілген : 4.04.2017, 10:45