Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті экономикасы рейтингінде 34-ші орынға ие болды

Лозаннада (Швейцария) орналасқан Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) әлемнің бәсекеге қабілетті экономикаларының жыл сайынғы рейтингін ұсынды. Қазақстан 63 мемлекеттің ішінен 34-ші орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда 4 сатыға көтерілді.

Рейтинг экономикалық қызмет, үкімет, бизнес пен инфрақұрылым тиімділігінің көрсеткіштерін қамтиды.

Рейтинг көшбасшысы Сингапур.

Қосылған : 30.05.2019, 23:20, Өзгертілген : 30.05.2019, 23:20