Қазақстан мен Грекия дінаралық диалогты нығайтуға ниетті

2017 жылғы 19 қыркүйекте Афинада Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Алексей Волковтың грек православие шіркеуінің Архиепископы Иероним ΙΙ-мен кездесуі өтті.

Жылы жүздесу барысында Алексей Волков дін басшысына қазақстандық-грек қарым-қатынастарының тарихы мен заманауи дамуы барысымен бөлісті. Елші 130 этнос пен түрлі дін конфессиялары бейбіт пен келісімде ғұмыр кешетін Қазақстан тәуелсіз 25 жыл ішінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан дербес мемлекетке айналғанын атап өтті. Қазақстан өкілі елімізде Исламнан басқа православие дінінің кең тарағанын айтты. Бұл орайда, ол Қазақстан қоғамының өмірінде дәстүрлі конфессиялардың, атап айтқанда Ханафит мазхабындағы Ислам мен Православиенің атқаратын ерекше ролдеріне тоқталды.

Алексей Волков православие дінінің Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен бірігудің факторы екеніне назар аударды. Осы контексте, қазақстандық дипломат екі мемлекет арасында достық көпірі саналатын елімізде өмір сүретін көпсанды грек диаспорасының маңыздылығын ауызына тиек етті. Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда Грекияда 80 мың бұрынғы Қазақстанның азаматтары ғұмыр кешетінін, олар өз кезегінде әлі күнге дейін екінші отандарымен байланыста болып, мемлекеттеріміздің екіжақты қарым-қатынастарының дамуына өз үлесін қосып келе жатқанын қоса айтты.

Саяси мәселелер мен Қазақстанның халықаралық бастамаларын талқылау барысында, Елші мемлекетіміздің конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау, және де Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жаһан шеңберінде дінаралық диалогты алға тартудағы жеке үлесіне ерекше мән берді. Осы орайда, А.Волков Архиеписком Иероним II-ні Қазақстанда құрылған диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының кезекті Съезіне ат салысуға шақырды.

Өз кезегінде, Архиепископ Иероним ΙΙ Қазақстан Елшісін берілген ақпарат пен елдеріміз арасында достықты нығайту бағытында қосып келе жатқан үлесіне шынайы алғысын білдірді. Ол Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуғы тәжірибесін мұқият зерттеуге ниетін білдіре отыра, 2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының кезекті VI Съезіне қатысуға сөз берді.


Қосылған : 20.09.2017, 13:20, Өзгертілген : 20.09.2017, 13:20