Қазақ халқының дәстүрлері

Табиғатқа деген құрмет


Қуаңшылық кездерде көктен жаңбыр тілеу мақсатында көне заманда халық жиналып, құрбандыққа мал шалып, ұн мен түрлі тағамдарға қаржы жинаған. Аталған құрбандық ашық кеңістіккте, су маңайында жасалған.

Ешбір заманда қазақ халқы жылқыны, малды және түйені соққыға және сөгіске жықпаған, қайта қолайлы бағу үшін бар жағдайды жасап, тұмар-қорған ретінде есептеген.

Отты сумен сөндірмеген, тіпті түкірмеген де, одан аттау тыйым саналынған. Отпен күйеу жігіттің анасы қалыңдықты аластатып, баталарын беріп отырған, бұл ғұрыппен жын-шайтанды қуған.

Жас буынның улкендерге деген еркеше ізет-құрметі


Дастархан басы немесе киіз үй төрі әрдайым ақсақалдардікі болып есептеледі. Жас кезде бұл орындарға жайғасу әдепсіздіктің белгісі саналады.

Нәрестелерге жарқын және үнді аттарды беруге тырысқан. Ат таңдау бала тағдырына әсер беретініне сенген. Мысал ретінде, балаға Қуаныш атының берілуі, келешекте ғұмырын қуанышпен өткізеді деп үміттенген.

Он жасар балаған қозыларды баққызған. Сондықтан, бұл жасты қазақтар қозы жасы деп атаған. Өспірімнің 13 жасы – қой баққызған. Әрі қарай, жылқы жасы, 13-20 жастағы ер-балалар. Ал, «хан жасы» деп 40-қа толған ер азаматтарды атаған. Бұл жаста, халық билейтін толық мүмкіндікке ие болады. Жасқа қатысты қатал иерархия адамды жастайынан шыдамдылыққа, сабырлыққа және үлкенге сый-құрмет көрсетуге бейімдеген.

Шаңырақ көтеру


Ер жігіттің ата-анасы келінді тапқан соң, қалыңдық төлеу мақсатында оның ата-тегін мен беделін сұрастырған. Кедей отбасылары қалыңдыққа тек 5-6 қара бас беретін, ал байлар екі жүз жылқыға дейін сый әзірлейтін.

Егерде жігіттің қалыңдығы жоқ болған жағдайда, амалсыздан – қыз ұрлауға бел буады. Алайда, қазіргі кезде бұл дәстүрге жүгіну есе азайған.

Қонақтарға сый-құрмет көрсету


Аса қадірлі қонақтарға жылқы, түйе, кілем, қару, тон немесе жібектен тігілген шапан сыйға тарталады. Жасы үлкен қарияларға жей алатын, әдейілеп пісірлген жұмсақ тағамдар әзірленген, бұл олардың жасына деген құрмет ниетінен жасалған. Қонақтар үш түрге бөлінген: арнайы қонақ, жолшы қонақ және құдай қонақ. Шаңырақ иесі қонақты күй тарту немесе ән шырқауды сұрауы әбден мүмкін, бұл орайда әдетте қонақ үй иесінің құрметіне сөзін жерге тастамай, бар өнерін көрсетуге тырысатын. Жаңа көшіп келген көршілерді дастарханға шақырып, көмектерін аямаған. Қонақтар алдына «ақ» қойылатын, яғни қымыз,шұбат, айран, сүт, бұл келген кісілерге деген ақкөңіл мен адалдықтың нышаны ретінде санаған.


Қазақ ұлттық тағамдары


Қазақ ұлттық тағамдары халықтың болмысын, тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін айқын аңғарта алады. Көне заманнан қазақ халқы өз қонақжайлылығымен ерекшеленген. Қонақтарға жоғары деңгейде құрмет пен мәртебелі орын беріп отырған. Дастархан басында қонаққа қымыз,шұбат немесе сүт-айран берген. Одан соң, шай үстіне дастарханға ыстық бауырсақ, мейіз, құрт-ірімшік қойған.

Шайдан соң, қонақтар алдына ыстық нан, жылқы және қой еттерінен әзірленген қазы-қарта, жал-жая, шұжық пен қабырға берілген. Қазақ халқының бас асы – бесбармақ. Әдетте бұл ас қайнатылған еттен (жылқы, сиыр, қой немесе түйе еттері), қамыр мен сорпадан тұрады. Дастархан басында ет бөлу терең мағынаға ие ерекше салт. Ет бөлуші дастархан басындағыларға белгіленген тәртіпке ғана сәйкес ет бөледі: жамбас пен сирақ құрметті ақсақалдарға, жауырын сүйегі ер балаға неесе келінге, омыртқа жас қыздар мен қалғандарына берілген.

Қой басы тек құрметке ие аса жоғары қонақ алдына қойылған. Дәстүр бойынша, ет бірінші ақсақалдарға, кейін балаларға, одан соң жақын-алыс туыстарға таратылған.

Дәстүрлі қазақ тағамдарының алғашқысына көкөніс пен дәмдеуіш қосылған сорпа беріледі. Әдетте сорпа ыңғайлы үлкен ыдыстарға құйылып беріледі. Дастархан соңыңда қымыз бен шай беріледі.

Қазақ тағамдары негізінен ет пен сүттен тұрады. Алайда, уақыт өте келе оларға түрлі көкөніс, жемістер, балық пен теңіз тағамдары, түрлі тәттілер қосылды.

Бүгінгі дастархан басына Қазақстан аумағында тұратын көптеген ұлт өкілдері жиналады. Орыс, татар, украин, дүнген, неміс, кәріс және т.б. Ғасырлар бойы бебітшілік пен келісімде тұру нәтижесінде қазақ халқының мәдениеті мен қоса ұлттық тағамдарына өз әсерін тигізбей қоймады. Осыған орай, заманауи қазақ кулинариясы өз бойына шеберлікпен әзірленген өзбек, ұйғыр, татар, кәріс ұлттық тағамдарымен байи түсті.

Қосылған : 19.07.2017, 13:30, Өзгертілген : 19.07.2017, 13:30