Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Туск Ақмола облысындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды

Ақордада өткен екіжақты кездесуден кейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті Дональд Туск Ақмола облысындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды

Белгілі болғандай, Дональд Тусктың ұлты поляк, Польша Үкіметін екі рет басқарды және оның сапары Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтілетін күнмен тұспа-тұс келуде.

20 ғасырдың 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін нәтижесінде Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды. Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс күшімен тек сотталғандардың, олардың еріксіз еңбегінің есебінен қамтамасыз етілген. Қазақстан лагерлері арқылы жүздеген мың тұтқын өтті. 30-шы жылдардың соңында Қазақстанға түрлі халықтардың, соның ішінде Польшаның да өкілдері де жер аударды. КСРО-дағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының арасында поляктар ең көп ұлттық топтардың бірін құрады.

@PressMFAKZ

Қосылған : 31.05.2019, 17:20, Өзгертілген : 31.05.2019, 17:20