​Қ. Әбдірахманов: ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі стратегиясы өзінің қажеттілігін дәлелді, енді Қазақстан оны қазіргі заманның жаңа талаптарына сай бейімдеу үшін белсенді жұмыс жасайды

22 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианмен кездесті.

Екі тарап үшін, кездесушілердің айтуынша, сыртқы саяси басымдылықтардың бірі болып табылатын, Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелері кездесудің басты тақырыптары болды. Сонымен бірге П. Буриан Қазақстан Еуропалық Одақ үшін өңірдегі аса маңызды әріптес болып табылады.

Тараптар 2015 жылы 21 жетоқсанда Астанада қол қойылған ҚР – ЕО кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау процесі тез іске асып жатқанын атап, ризашылықтарын білдірді. Құжатқа қол қойылған күннен бастап бір жарым жыл ішінде ЕО-ға 28 мүше мемлекеттің жартысы оны ратификациялады.

Перспективті бағыттардың өсіп келе жатқан маңыздылығын атай отырып, тараптар сауда-экономикалық, мідени – гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар министр Еуропа тарапына ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді тез арада бастаудың қажеттілігі жөніндегі мәселесін айтты.

Пікір алмасу барысында тараптар сәтті іске асырылған жағдайда Орталық Азия жаһандық экономикалық байланыстардың маңызды буыны бола алатын Орталық Азия өңірінің транзиттік-транспорттық мүмкіншіліктеріне айрықша назар салды.

Сонымен қатар тараптар осы жылғы мамыр айында 10 жыл толған Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі стратегиясы аясында өзара ынтымақтастықты талқылап, оны одан әрі қазіргі заманның жаңа талаптарына сай бейімдеу жоспарын қарастырды.

Анықтама: ү.ж 19 маусымда ЕО сыртқы істер жөніндегі кеңесі ЕО-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясының жаңартылған қорытындыларын қабылдады.

ЕО Кеңесі отырысының қорытындысы жөніндегі баспасөз хабарламасында ЕО Кеңесі ЕО-тың Орталық Азия жөніндегі алғаш стратегиясы қабылданғаннан кейін он жыл өткен соң қабылданғаны туралы айтылады.

ЕО Кеңесі ОА елдері ЕО үшін маңызды әріптестер болғанын атап, ЕО-мен әріптестік аясында қол жеткізген прогресті құптады. ЕО Кеңесі ЕО-ның берік қарым-қатынастарды дамыту ұмтылысын және адам құқықтары, білім беру, орнықты даму және ОА елдеріндегі қауіпсіздікте қатысты сын-қатерлерге жауап беру салаларында диалогты және ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін атап өтті.

Нәтижесінде, 2007 жылғы ЕО-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясының негізгі мақсаттары мен басым бағыттары өзекті болып қалатыны аталды. ЕО Кеңесі Еуропалық Комиссияның өңірлік дамуға көмек көрсету бағдарламаларын екі бағытта дамыту жоспарын назарға алды: орнықты даму/жұмыспен қамтамасыз ету және қауіпсіздік/тұрақтылық. Сонымен қатар ЕО Кеңесі осы бағдарламаларды тиісті кездесулерде одан әрі талқылау және ортақ шешімдер қабылдау қажеттілігін атады. Сонымен бірге жалпы өңірдің және ОА жеке елдерінің тұрақтылығын арттыру қажеттілігі аталды.

ЕО Кеңесі ОА елдерінің қажеттіліктеріне бағыттау, сондай-ақ сыртқы әрекеттердің еуропалық қызметінің, Еурокамиссияның және Ео-ға мүше мемлкеттердің интеграциясы мен оларды қолдауды үйлестіру мақсатында Еурокомиссияның екіжақты және өңірлік бағдарламалары мен ЕО-ға мүше мемлекеттері арасындағы бір-бірін тығыз толықтыру және дәйектіліктің маңыздылығын атап өтті.

ЕО Кеңесі тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдармен, соның ішінде ОА елдерінде өз орнын сақтап тұрған ЕҚЫҰ-мен, Еуропа Кеңесімен, БҰҰ-мен, сондай-ақ қауіпсіздік, өзара байланыс, транспорт, энергетика және орнықты даму және «Жібек Жолы» бастамаларымен байланысты мүмкіндіктер сияқты мәселелер бойынша ЕО саясаты мен бастамалары арасындағы синергияны қамтамасыз ету мақсатында көрші елдермен және өңірде белсенді өзге де мемлекеттермен диалогтың және үйлесудің маңыздылығын мойындайды.

Нәтижесінде, Еуропалық Одақ өзінің стратегиялық мақсаттарын ұстанатыны және Орталық Азиядағы саяси және экономикалық реформаларды қолдайтыны аталды. Стратегиясының он жылдығына орай, ЕО Кеңесі Орталық Азия елдеріндегі өзгеретін қажеттіліктердің және мүмкіндіктердің жаңа геосаяси ақиқаттарын назарға ала отырып, қарым-қатынастарды қайта қарастырудың және жаңартудың уақыты келді деп есептейді

Қосылған : 23.06.2017, 09:20, Өзгертілген : 23.06.2017, 09:20