Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясын ұсынғанына 25 жыл толуда

Осыдан 25 жыл бұрын 1994 жылы 29 наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекеттердің көпжақты тең құқылы ынтымақтастығы форматында еуразиялық интеграциясы идеясын сөз жария етті.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер алдында Н.Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің даму перспективалары туралы дәріс оқып, өз сөзінде Елбасы:

«Біздің елдеріміздің ерік­тілік пен тең құқықтылық қағи­даттарында қалыптасқан жаңа мемлекетаралық бірлестігі негі­зіндегі өзара қарым-қаты­нас­тың сапалық жаңа деңгейіне ауы­су қажеттілігі пісіп-жетілді. Ондай бірлестік Еуразиялық одақ бола алар еді».

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, интеграцияның мұндай түрі одаққа қатысушы әрбір елдің мемлекеттік мүдделерін іске асырылатын және экономикалық ынтымақтастыққа нақты назар аудара отырып, барлық жиынтық әлеуетті пайдаланылатын тең құқылы тәуелсіз мемлекеттер одағы бола алар еді.

20 жылдан соң Елбасының еуразиялық интеграция идеясы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болды. оны құру туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Астанада қол қойылды.

@PressMFAKZ

2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕАЭО құрылуының 5 жылдығы мен еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Қосылған : 29.03.2019, 19:15, Өзгертілген : 29.03.2019, 19:15