Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Гонконгта the Belt and Road Summit 2019 саммитінде ұсынылды

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ ҚР Гонконг пен Макаодағы Бас консулдығының, ҚР Сыртқысауда палатасы мен Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының (Атамекен) ұйымдастырылған қолдауымен Қазақстан Республикасының ұлттық стендін Гонконг қаласында «Belt and Road Summit 2019» саммитінде таныстырды. Қазақстандық делегацияның өкілдері шетелдік бизнеске Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен инвестициялаудың әлеуетті салалары туралы егжей-тегжей айтып берді.

Саммит шеңберінде халықаралық бизнес өкілдерінің туризм, ақпараттық технологиялар, қаржы, көлік, инфрақұрылымдық даму және сауда сияқты салаларында бірқатар кездесулері ұйымдастырылды.

Осылайша, HCE/BLE технологиясы негізіндегі әлемдегі бірінші мобильді төлемдердің әзірлеушісі болып табылатын гонконгтық IBonus Limited компаниясы Орталық Азия нарықтарында бизнесін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруда. Компанияның басқарушы директоры Киз Лау айтқандай, Қазақстан қолайлы алағ болып табылады. NWS Infrastructure Management Limited компаниясы инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларға қызығушылық танытты.

Сонымен бірге, тығыз серіктестікті дамыту бойынша Гонконгтың Сауданы дамыту бойынша кеңестің басшылығымен келіссөз жүргізілді.

«Қазақстанның стратегиялық орналасуы мен көлік әлеуетінің одан ары дамуын ескере отырып, ел «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде серіктестік үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады» - деп «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Салтанат Шунаева пленарлық талқылау барысында атап өтті.

«Belt and Road Summit «Бір белдеу, бір жол» жобасы шеңберінде іскерлік серіктестікті дамыту үшін жетекші халықаралық алаң болып табылады. Біз қазақстандық бизнесті аталған іс-шарада әріптестер іздеу үшін шақырдық, себебі бұл жерде көпсалалы серіктестік пен бизнес үшін нақты мүмкіндіктерді зерделеу үшін жетекші халықаралық компаниялармен танысу мүмкіндіктері бар»,-деп Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Акерке Эралиева атап өтті.

Саммит қатысушылары Қазақстанның географиялық орналасуына, атап айтқанда, тасымалдау үшін халықаралық транзиттік бағыттарды ұсынудың зор мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Жалпы, аудитория Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығына жоғары баға берді.

Анықтама үшін: «Бір белдеу – бір жол» саммиті «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде іскерлік серіктестікті жылжыту үшін жетекші халықаралық алаң болып табылады. Жыл сайын the Belt and Road Summit жүзден аса халықаралық спикерлерді, мемлекеттік басқару мен бизнестің 5000 көшбасшыларын, бірнеше жүздеген инвестициялық жобалардың өкілдерін жинайды және инвесторлармен іскерлік кездесулер үшін алаң құрады.


Қосылған : 12.09.2019, 20:55, Өзгертілген : 12.09.2019, 20:55