Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы президенттік сайлауға ақпараттық сүйемелдеу көрсетпек

Ертең 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді және бұл, әрине, Қазақстан үшін жылдың басты қоғамдық-саяси оқиғасы болады.

Саяси истеблишменттегі және жетекші шетелдік БАҚ-тағы резонанс халықаралық қоғамдастықтың біздің елде болып жатқан процестерге деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.

Электоралды кезеңде жұмыс істеу үшін аккредиттелген баспасөз пулындағы шетелдік журналистердің саны өте көп. Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің басқа өңірлеріне әлемнің 40-тан астам елінен 227 тілші келеді.

Олардың қатарында британдық «BBCNews», «Guardian News & Media Ltd» және «Aljazeera English», америкалық «The New York Times», «The Wall Street Journal», «Associated Press», француздық «AFP», неміс «Der Spiegel» және «Deutsche Welle», испаниялық «EFE», итальяндық «Agenzia Nova», қытайлық «Global Time» және араб «СNBC Arabia», ресейлік «Первый канал», «НТВ», «ВГТРК», «Коммерсантъ», «Российская газета», «Комсомольская правда», «Газета.Ru», «Лента.ру», «Известия», жапондық «Токио Шимбун», «NHK», «Киодо Цусин» және тәуелсіз халықаралық БАҚ өкілдері және басқалар.

Тағы 121 шетелдік журналист, соның ішінде «Азаттық» (АҚШ) радиосы, «Синьхуа» агенттігі және «Жэньминь жибао» газеті (ҚХР), «Раи» телерадиокомпаниясы (Италия) және басқа да БАҚ өкілдері Қазақстанда тұрақты аккредитацияға ие және жұмыс процесіне белсенді түрде қосылды.

@PressMFAKZ

Қосылған : 8.06.2019, 21:50, Өзгертілген : 8.06.2019, 21:50