Қазақстан Республикасында электрондық визаны енгізу жөнінде

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық формата беру ресімінің пилоттық жобасы енгізілді.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін санаттары) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Анықтама: «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» ҚР СІМ 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР ІІМ 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі (тізім қоса беріледі).

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады.

Электрондық виза Визалық және көші-қон порталы арқылы ресімделеді (www.vmp.gov.kz).

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды, онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды және ұзартуға жатпайды. Жол жүру құжатын (паспортты) ауыстырған кезде электрондық визаны қайтадан алу қажет.

Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс;

4) қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.

Ресімделген электрондық визада және шетел азаматының жеке басын куәландыратын жол жүру құжатында ақпараттың сәйкес келмеуі анықталса, электрондық виза жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасына кіруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту және елде болу кезiнде шетел азаматтың жарамды жол жүру құжаты (паспорт) және баспа түрiндегi электрондық визасы болуы керек.

Электрондық визасы бар шетел азаматтары көші-қон қызметі органдарында тіркеуден босатылады.

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын шетел азаматтары туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Визалық және көші-қон портал

(қолдану бойынша нұсқаулық)

- электрондық визаны алу үшін шетел азаматқа веб-порталда тіркелу қажет (www.vmp.gov.kz);

- «электрондық виза» бөліміне кіру және шақырудың болуын растау;

- электрондық визаны алу талаптарымен танысу;

- шақыру нөмірін (Қазақстан Республикасындағы шақырушы тараппен жіберіледі) және қажетті паспорт деректерін енгізу;

- шақыру расталғаннан кейін, электронды визадағы және жеке басын куәландыратын жол жүру құжатындағы ақпараттың сәйкестігін тексеру және растау;

- консулдық алымды онлайн төлеу (төлеуден кейін Визалық және көші-қон порталдың жеке кабинетіне оралу маңызды);

- электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптасады);

- Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде басып шығарған электрондық визаны ұсыну қажет.

1 қосымша

Қазақстанға кіру үшін бір мәртелі туристік электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі


1.Алжир

2.Ангола

3.Андорра

4.Антигуа и Барбуда

5.Аруба

6.Багамские острова

7.Бангладеш

8.Барбадос

9.Бахрейн

10. Белиз

11. Бенин

12. Боливия

13. Ботсвана

14. Бруней-Даруссалам

15. Буркина Фасо - Верхняя Вольта

16. Бурунди

17. Бутан

18. Вануату

19. Ватикан

20. Венесуэла

21. Вьетнам

22. Габон

23. Гайана

24. Гаити

25. Гамбия

26. Гана

27. Гватемала

28. Гвинея

29. Гвинея-Бисау

30. Гондурас

31. Гренада

32. Джибути

33. Доминика

34. Доминикан республикасы

35. Замбия

36. Зимбабве

37. Үндістан

38. Индонезия

39. Камбоджа

40. Камерун

41. Катар

42. Кения

43. Кирибати

44. КХДР

45. ҚХР

46. Колумбия

47. Комор аралдары

48. Конго республикасы

49. Коста-Рика

50. Кот-Д Ивуар

51. Куба

52. Кувейт

53. Лаос

54. Лесото

55. Либерия

56. Ливан

57. Лихтенштейн

58. Маврикий

59. Мавритания

60. Мадагаскар

61. Макао (Аомынь)

62. Македония

63. Малави

64. Мали

65. Мальдив республикасы

66. Марокко

67. Маршал аралдары

68. Микронезия

69. Мозамбик

70. Мъянма (Бирма)

71. Намибия

72. Науру

73. Непал

74. Нигер

75. Нигерия

76. Никарагуа

77. Оман

78. Палау

79. Панама

80. Папуа-Новая Гвинея

81. Парагвай

82. Перу

83. Руанда

84. Сальвадор

85. Самоа

86. Сан-Марино

87. Сан-Томе и Принсипи

88. СаудАрабиясы

89. Свазиленд

90. Сейшел аралдары

91. Сенегал

92. Сент-Винсент и Гренадины

93. Сент-Китс и Невис

94. Сент-Люсия

95. Суринам

96. Сьерра-Леоне

97. Таиланд

98. Танзания

99. Того

100.Тонга

101.Тринидад и Тобаго

102.Тувалу

103.Тунис

104.Түрікменстан

105.Уганда

106.Уругвай

107.Фарер аралдары

108.Фиджи

109.Филиппины

110.Орталық Африка республикасы

111.Чад

112.Черногория (Монтенегро)

113.Шри-Ланка

114.Эритрея

115.Эфиопия

116.ОАР

117.Ямайка


2 қосымша

Қазақстанға кіру үшін іскерлік және емделу үшін бір мәртелі электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі

1.Багам аралдары

2.Бермуд аралдары

3.Бурунди

4.Гондурас

5.Гренландия

6.Индонезия

7.Катар

8.Кувейт

9.Лаос

10. Макао

11. Марокко

12. Ватикан

13. Вирджин аралдары

14. Вьетнам

15. Гаити

16. Камбоджа

17. Куба

18. Македония

19. Никарагуа

20. Оман

21. Сербия

22. ОАР

23. Черногория

Қосылған : 2.01.2019, 15:45, Өзгертілген : 2.01.2019, 15:45