Грекия Астананы Мерейтойымен құттықтады

АФИНЫ, 2018 жылғы 4 шілде - Грекияда Астананың 20-жылдық мерейтойына орай дипломатиялық кеш өтті. Іс-шара Афинаның ең сұлу көркем жерлерінің бірі, Аттиканың көзайымы – Вульягмени көлінің жағасында орын алды.

Мерейтойлы кешке Грекияның мемлекеттік, дипломатиялық, іскерлік және мәдениет өкілдерімен қоса, қазақ диаспорасы қатысты. Қазақстан Елшісі Алексей Волков қонақтарға республикамыздың аяққа тұру тарихы мен Елбасының еліміздің бас қаласын Астанаға көшіру бойынша қабылдаған батыл шешімі жайлы баяндап берді. Ол «тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында бастау алған жаңа қаланың құрылысы ұлттың өз жарқын болашағы мен алға қойылған мақсаттарға жетелейтін сенімді күшейткенін», - ерекеше атап өтті.

Қазақстанға және оның астанасына өз құттықтауларын Афинаның ірі муниципалитеттері Каллитея мен Ахарнэс басшылары да білдірді. Атап айтқанда, Каллитея Мэрі Димитриос Карнавос Елбасы мен Астанаға деген жылы ілтипатын білдіріп, еліміздің бас қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен 1999 жылы «Бейбітшілік қала» мәртебесіне ие болғандығын аттап өтті. Сонымен бірге, қала басшысы сөз сөйлеу барысында Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы беттерінен «ұлт тағдыры жалпы аймақтың, мемлекеттің және де әлемнің тағдырымен тікелей байланысқан» деген сөздеріне тоқталды.

Өз кезегінде, Ахарнэс муниципалитетінің Мэрі Иоаннис Кассавос қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтай отырып, Елбасының мемлекеттің жалпы дамуына үлес қосуды көздейтін Шымкент қаласына жаңа статус беру шешімін оң бағалады. Қала басшысы Ахарнесте Қазақстанда туылған көп отандастарымыз ғұмыр кешетінін, және де грекиялық шаһардың 2008 жылдан бері Шымкентпен бауырлас-қала екендігін атап өтті. Осы орайда, И.Кассавос әріптесі Ғабидулла Әбдірахымовқа жеке құттықтауын жолдап, қаланың одан әрі гүлденуіне сәттілік, ал тұрғындарына әл-ауқаттарының еселенуіне тілек білдірді.

Дипломатиялық кеште жиылған қауымға бас қаланың заманауи сәулет өнеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, Қазақстан астанасының халықаралық бастамалары мен саяси беделін суреттейтін «Астана – бейбітшілік қаласы» атты фильмі көрсетілді.

Іс-шара соңында отандасымыз, Қазақстанда туып өскен, қазіргі таңда грекиялық қоғам қайраткері П.Элеутериадис қонақтар алдында өзінің авторлық «Казақстан, үлкен рақмет» әнін алға тартты.

Қосылған : 5.07.2018, 17:10, Өзгертілген : 5.07.2018, 17:10