Грекия Парламентінің Төрағасы Н.Вуцис: «Грекия мен Қазақстанды байланыстыратын ортақ тақырыптар мол»-, деп атап өтті

2017 жылғы 4 шілдеде өткен ғасырдың 1934 жылынан бастап грек депутаттары қызмет жасайтын Афинаның ортасында орналасқан ескі патшалық зәулім сарайда екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Елшісі А.Волковтың Грекия Парламентінің Спикері Н.Вуциспен ресми кездесуі өтті.

Өз алғы сөзінде Грекия Парламентінің Төрағасы Н.Вуцис екі елді байланыстыратын ортақ тақырыптардың мол екенін айрықша атады. Грекияда Қазақстан мен оның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аймақтық және жаһан тұрақтылығы мен бейбітшілігіне, мемлекет ішінде ұлтаралық келісімді сақтау мен гүлденуіне қосып келе жатқан елеулі үлесін білетініне айрықша тоқталды. Бұл орайда, Никос Вуцис мемлекеттер мен халықтарымыздың арасында «көпірге» айналған Қазақстанда ғұмыр кешетін грек диаспорасының атқара алатын ролін сөзіне тиек етті.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту өзара мүдделерімізге сай келетінін ескере отыра, Н.Вуцис Қазақстан тарапын әлемдік маңызды сауда торабы және «үш материк» қиылысқан жерде орналасқан Грекияның іскерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалануға шақырды. Бұл контексте сауда диалогының дамуына тікелей түрткі болатын жақында ғана қол қойылған Еуразиялық Экономикалық Комиссиясы мен Грекия арасында ынтымақтастық туралы Декларацияның маңыздылығына назар аударды.

Парламент Спикері әлем Қазақстанды бейбітшілік, тұрақтылық пен ынтымақтастық бастамаларын алға тартып жүрген бейбітсүйгіш республика ретінде танитының айтты. Бұл орайда, ол Астананың БҰҰ және ЕҚЫҰ шеңберінде қол жеткізген зор жетістіктеріне тоқталды.

Қазақстан Елшісі Грекия мен Қазақстанды тарих пен мәдениетті қоса алғанда байланыстыратын ортақ тақырыптар бар екендігін қоса растады. Көпұлтты және поликонфессияналды мемлекет ретінде Қазақстан бейбітшілік, келісім мен диалогты қамтамасыз ету үшін бірқатар халықаралық және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру үстінде екенімен де бөлісті. Елші грек тарапын «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі» қызметі жайлы, БҰҰ аясында бастамаларымыз бен «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі, «Туған жер» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларының мазмұндарымен таныстырды.

Елші А.Волков екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығы аясында саяси және парламентаралық диалогты жандандыру маңыздылығына тоқталып, грек Парламентінің басшысын Қазақстанға ыңғайлы болар кезінде сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде, Никос Вуцис шақыруға алғысын білдіріп, қазақстандық дипломаттарды 25-жылдық кәсіби мерейтойларымен және келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.

Кездесуге Парламенттің Вице-Спикері Тассос Куракис пен Қазақстанмен парламенттік достық тобының мүшесі қатысты.

Қосылған : 5.07.2017, 12:05, Өзгертілген : 5.07.2017, 12:05