Грекия Қазақстаннан туристер тартуға мүдделі

2017 жылғы 6 сәуірде Афинада Қазақстан Елшісі Алексей Волков Грекияның туризм Министрі Елена Кундурамен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты логистикалық және көлік қатынастарын орнату мен дамыту, және де таяу кезеңге жоспарланған туризм саласы бойынша ынтымақтастық басымдықтары мәселелері талқыланды.

Елші Алексей Волков Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін баяндай отыра, Астанада үстіміздегі жылдың жаз айларында әлемнің әр тарапынан, Грекиямен қоса, көптеген туристер, сарапшылар мен саясаткерлер ат салысатын «EXPO-2017: Болашақ энергиясы» атты ірі халықаралық көрме өтетіндігін хабарлады.

Сонымен қатар, Елші қонақжайлы Қазақстан Грекия үшін спорттық және экологиялық туризм бағытынан, атап айтқанда түрлі ландшафттар мен аяқ баспаған табиғи қорықтарымен қызығушылық таныту мүмкіндігіне ие екеніне тоқталды. Қазақстандық дипломат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекия азаматтары 30 күнге дейін визалық талаптардан босатылғанын қайта мәлімдеді.

Өз кезегінде, Министр Елена Кундура грек тарапы қазақстандық туристерді тек отбасылық теңіз демалысына ғана емес, медициналық, сауықтыру және қасиетті жерлерге қажылық ұйымдастыруға мүдделілік танытатындығын жеткізді. Грек саясаткерінің пікірінше, мемлекеттеріміз арасындағы достық байланыстарды дамытуда достық көпірге айнала алатын Қазақстанда ғұмыр кешетін грек диаспорасының ерекше ролін атап өтті .

Ортақ мүдделеріміздің бар екенін ескере отыра, Грекияның туризм Министрі Е.Кундура ведомствоаралық ынтымақтастық пен оған сәйкес Меморандумға қол қою мақсатымен жуық арада Қазақстанға сапармен баруға әзір екендігін жеткізді.

Қосылған : 7.04.2017, 09:30, Өзгертілген : 7.04.2017, 09:30