Грекия Парламенті «Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімін» ратификациялауға оң дауысын берді

2017 жылғы 22 қарашада Грекияның үкіметтік газетінде «Қазақстан Республикасы, бір жағынан, Еуропа одағы мен оған мүше-мемлекеттері, екінші жағынан, арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімін ратификациялау туралы» Заңы жарық көрді. Ү.ж. 8 қарашада Грек Республикасы Парламентінің пленарлық мәжілісінде болған дауыс беруде аталған Заң бірауыздан дерлік қабылданды.

2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қол қойылған «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген Келісім» екі тараптың қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін екінші дәуірлік бірегей құжат болып табылады.

Аталған құжаттың ЕО-ға мүше-мемлекеттер тарапымен толық ратификациялануы мен заңды күшіне енуі екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын барынша кеңейтіп, нығаюына жол ашады. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі, ал екі жақты сауда айналым, жағымды динамиканы көрсетіп келуде.

Сонымен қатар, Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа Келісім екі мемлекеттің өзара инвестициялары мен іскерлік мүдделерін алға жылжытып-қорғауға, және де жалпы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ең қолайлы мүмкіндіктер жасауға негіз болмақ. Жаңа Келісім 29 түрлі саладағы ынтымақтастықты қамтитындығын назарға ала отыра, құжат Қазақстан мен Грекияның өзара мүдделеріне сай келетін ауқымды мәселелерді заманауи құқықтық негізде диалог құру арқылы тиімді шешуге мүмкіндік алды.

Қосылған : 23.11.2017, 11:40, Өзгертілген : 23.11.2017, 11:40