Грек Республикасының Бас прокуроры Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын болғанын білдірді

2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекия Жоғары сотының Бас прокуроры Ксени Димитриу-Василопулумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Бас прокуратурасы және Грекия Жоғары сотының Бас прокуратурасы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қою мәселесін талқылады.

Елші К. Димитриу-Василопулуға еліміз тәуелсіздік алған кезден, яғни 1991 жылдан бастап қатарына ЕО елдері, АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада секілді елдер кірген 46 мемлекетпен қылмыстық іс- жүргізу бойынша келісімдерге қол қойғанын баяндап берді.

Бұған қоса, А. Волков Қазақстан 2015 жылы құқықтық қатынастырдың тірегіне айналған, посткеңестік елдер ішінде алғашқы болып, Еуро одақпен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық Келісіміне қол қойған жалғыз ел екенін атап өтті. Елші аталған құжат ҚР Парламентімен және бірқатар еуропалық мемлекеттермен ратификацияланғанын, сонымен қатар бүгінгі таңда Грекия Парламентінде келісу рәсімдерінен өтіп жатқандығына тоқталды.

Елші жоғары аталған Келісім шеңберіне сот төрелігі, миграция мәселелері, терроризм, ұйымдастқан қылмыс және жемқорлықпен күрес кіретінін ескере отырып, екіжақты шарттық – құқықтық базаны күшейтуді көздейтін ведомствоаралық өзара түсіністік келісіміне қол қою мен қазақстандық әріптестермен келіссөздер өткізу мақсатымен Астанаға сапармен келуге шақырды.

К. Димитриу-Василопулу жоғары баяндалған қадам екіжақты ынтымақтастықты нығайтатынымен келісіп, Астанаға орын алар сапар барысында грек тарапының ведомстволар арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қоюға әзір екендігін жеткізді.

Қосылған : 9.02.2017, 10:50, Өзгертілген : 9.02.2017, 11:55