«Қазақстан мен Грекияның сарапшылары Экстрадициялау туралы Келісім жобасын мақұлдады»

2018 жылғы 18-21 қарашада Грек Республикасы Әділет, транспаренттілік және адам құқығы Министрлігінің Бас хатшысы Георгис Сарлистің Астанаға сапары барысында Экстрадициялау туралы келісімнің жобасы мақұлданды.

Келіссөздердің ΙΙ-раунды қорытындысы бойынша екі мемлекет сарапшылары тараптардың ұлттық мүдделерін ескере отыра, келісімнің жекелеген нормалары бойынша концептуалды келісімге қол жеткізді. Әділет министрлігінің Бас хатшысы Г.Сарлис ҚР Бас Прокуратурасымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендігін жеткізді.

Грекиялық делегациясының құрамына аталған елдің Бас прокуратурасы Жоғарғы сотының прокуроры мен Әділет министрлігінің кеңесшілері кіргендігін атап өткен жөн.

Астанада өткен ортақ мәжілістердің қорытындысы Қазақстан мен Грекия арасында қылмыстық істер, әсіресе экстрадициялау бағытында толыққанды өзара түсінушіліктің бар екендігін дәлелдеді.

ҚР Грекиядағы Елшілігі

Қосылған : 22.11.2018, 14:30, Өзгертілген : 22.11.2018, 14:30